Шанхайда біруақытта 511 адам пиццаға арналған қамыр иледі. Сөйтіп олар жаңа әлемдік рекорд орнатып, ресми түрде Гиннестің рекордтар кітабына енгізілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы China News-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Байқау шарттары бойынша, барлық қатысушылар диаметрі 30,5 см пиццаға арналған қамырды бір уақытта қолмен айналдыра ауада дөңгелетіп әзірлеуі тиіс. Мұны кем дегенде бір минутта орындау қажет. Қатысушылар міндеттерін сәтті орындап жаңа рекорд орнатты.
Рекорд орнату үшін пайдаланылған қамыр ысырап етілмей, 511 пицца жасалып, артынша сатылып кетті. Алынған қаражат қайырымдылыққа аударылды.