Германияда соғыстан қалған бомба табылды

/uploads/thumbnail/20170708201822528_small.jpg

Германияның астанасында салмағы 250 кг болатын Ұлы Отан соғысы кезіндегі америкалық бомба табылды. Соның салдарынан қаладағы 12 мыңнан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Бұл туралы «Қамшы» порталы ТАСС-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Берлинде еврей музейінің жанынан Екінші дүниежүзілік соғыста қолданылған авиабомба табылуына байланысты, 12 мыңнан астам адам қауіпсіз жерлерге көшірілді. Rundfunk Berlin-Brandenburg радиосының айтуынша, америкалық бомбаның салмағы 250 кг құрайды. Ол бұрынғы гүл сататын базардың орнынан табылған. Сондықтан бұл маңға жақын жерлерде жүруге тиым салынып, қоғамдық көліктер айналма жолдар арқылы өтуде.

Айта кетейік, өткен жексенбіде осы маңға жақын жерде басқа бомба табылды. Демалыс күні де 12 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілген болатын.

Ұлы Отан соғысы кезінде Германия аймағында, атап айтсақ, Берлинге 68 мыңнан тоннадан аса, Гамбургке 45 мың тонна, ал Рурский облысына 162 мың тоннадан астам бомба тасталған. 

 

Связанные Статьи