Қытай азаматы Қазақстанға жер астымен өтіп кеткен

/uploads/thumbnail/20170708201840340_small.jpg

Қытай халық республикасының азаматы 30 қазан күні жер астынан жол салып Қазақстан шекарасын бұзып өткен. Бұл туралы «Қамшы» порталы Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Шекара қызметінің «Шығыс» өңірлік басқармасына қарасты Жаркент шекара отрядының «Ынталы» заставасында болған.

Дабылмен көөтерілген шекарашылар сағат 00.30 шамасында із кесуші итпен бірге дабыл түскен аумаққа жеткен. Із кесу тобы бақылау жолағынан көрші елдің аумағынан кірген адамның ізін бірден байқайды. Тексере келе, шекара бұзушы дабыл беру бағанының астын қазып өткені анықталған.

Әскерилер шекара бұзушыны шекара сызығынан 8 шақырым жерде, Алтынкөл теміржол стансасын бетке алып бара жатқан жерінен тұтқындаған. Ол 1985 жылы туған ҚХР-дың азаматы болып шықты. Ұсталған азаматтың сөмкесінде 501 юань ақша, азық-түлік, электрлі қолшам, киімдер, темекі блогы, қытай тіліндегі әлем картасы және тағы да басқа керекті заттар болған.

 

Связанные Статьи