Бүгін Павлодарда облыс әкімі Қанат Бозымбаевтан 500 мың доллар ақша бопсаламақ болған бірнеше адамның соты болып, үкім шығарылды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Today.kz –ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сот үкімі бойынша «Версия» газетінің бас редакторы Ярослав Голышкин сегіз жылға бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленетін болды. Павлодар ауданы әкімінің орынбасары Асқар Бахралиновқа сот мүлкін тәркілеумен қоса 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Кәсіпкер Нұржан Сүлейменовтің жеті жылға бостандығы шектелетін болды. Бұрынғы полиция қызметкері Фархат Алиясовқа сот 3,5 жыл жаза кесіп, мүлкін тәркілеу, арнайы «майор» шенінен айыру туралы үкім шығарды. Сот үкім шығарарда Сүлейменов пен Алиясовтың кінәларын мойындап, істеген істеріне өкінетіндіктерін ескерген.
Естеріңізге салар болсақ, сотталғандар қыз зорлау оқиғасына байланысты облыс әкімі Қ. Бозымбаевты ұлын айыптаған бейнежазба арқылы бопсаламақ болған. Кейін зардап шеккен қыз мәлімдеме жасап ол бейнежазба туралы түсініктеме беріп, әкімнің ұлының қыз зорлау оқиғасына еш қатысы жоқтығын айтқан.
«Қамшы» сілтейді