«Таң» телеарнасы атауын өзгертті

/uploads/thumbnail/20170708201955123_small.jpeg

"Таң" телеарадиокомпаниясы атауы мен форматын өзгертеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Компанияның өз серіктестеріне таратқан құжатына сәйкес, 15 қарашадан бастап "Таң" телеарнасы өз атауын "ОН-ТВ" деп өзгертеді. Отандық телеарнаның қайта тіркеуге тұруы туралы куәлігін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті 2015 жылдың 22 қыркүйегінде берген. 

Телеарна редакциясының өкілдері компаниядағы өзгерістер жайлы әзірше пікір білдірмей отыр. Алайда, арна атауын арна форматының ауысуына байланысты өзгертіп жатқаны айтылған.

Қазақстанның жеке телекомпаниясы 1990 жылдың желтоқсанында құрылып, үш айдан кейін Алматы эфиріне шықты. "Таң" медиатобының иесі 2002 жылдың 16 қыркүйегінен бері отандық кәсіпкер Арманжан Байтасов. 2014 жылдың қыркүйегінде "Таң" телеарнасы республикаға таратыла бастады.


 

Оставить комментарий

Связанные Статьи