Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігіне бүгін басталатын ресми сапары барасында бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылмақ. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Ресми сапардың алғашқы күні, яғни 3 қарашада Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігі арасындағы өзара құқықтық көмек туралы келісімге, ҚР-ы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Агенттігі мен Ұлыбритания министрлер кеңесі Хатшылығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға, Ұлыбританияның Астанада өтетін ЭКСПО-2017 Халықаралық көрмесіне қатысуы туралы келісімге, еліміздің Ұлттық банкі мен TheCityUK корпорациясы және Еуропа даму және қайта құру банкі арасындағы «Астана» Халықаралық қаржы орталығын құру мен дамыту бойынша әріптестік туралы, «ҚазТрансГаз» АҚ-ы мен ҚР-да газқұбыры мен төрт газтрубиналық электрстанциясын салушы тәуелсіз энергетикалық корпорацияның әріптестігі, Компанией William Hare Limited, «Инергазстрой»АҚ және «Атыраунефтемаш» ЖШС арасындағы өзара түсіністік туралы үш жақты меморандумдарға, сауда—экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-әлеуметтік әріптестік бойынша Қазақ-британ үкіметаралық комиссиясы 2-отырысының Хаттамасына қол қойылады деп жоспарлануда.
Бұл құжаттар негізінде жүзеге асатын жұмыстардың жалпы сомасы 3,8 миллиард АҚШ долларын құрайды.
Біләл Қуаныш
Лондон
Оставить комментарий