Ұлыбританияның Халықаралық EXPO-2017 көрмесіне қатысатыны туралы меморандумға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігіне сапары барысында қол қойылмақ. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Екі жақты құжатқа Қазақстан тарапынан «Астана EXPO-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы А. Есімов, Ұлыбритания тарапынан Ұлттық секция комиссары Ч. Хендри қол қояды. Бұған дейін тұманды Альбион елі Қазақстанда өтетін Халықаралық көрмеге қатысатынын үстіміздегі жылдың қыркүйек айында мәлімдеген болатын. Сонымен қатар, аталған елдің сауда және инвестициялар жөніндегі министрі Фрэнсис Мод Астанадағы көрме алаңындағы құрылыс жұмысымен танысқан еді.
Біләл Қуаныш
Лондон
Оставить комментарий