Алматы метрополитені ең үздік селфиге байқау жариялады. Бұл туралы «Қамшы» порталына «Метрополитен» МКК баспасөз хатшысы Ажар Хабиева хабарлады.
Фотобайқауға кез келген адам қатыса алады. Байқау шарты бойынша жолаушы стансада, вагонда, метроға кіреберісте селфи жасап, kag@metroalmaty.kz электронды адресіне жолдауы керек.
Ең үздік жұмыстың авторын сайтты пайдаланушылар таңдайды. Жеңімпаз «Метрополитен» басшылығынан арнайы сыйлыққа ие болады. Байқау қарашаның 2-сінен 30-ына дейін жалғасады.
Оставить комментарий