Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Ұлыбританияға сапары аясында Еуропа қайта құру және даму банкі мен ҚР Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі арасында меморандумға қол қойылады. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.
Меморандум аясында болашақта автомобиль жолдарына қатысты жобаларды 2020 жылға дейін мемлекеттік-жекеменшік әріптестік саласында және қарыз ұсыну арқылы 1 миллиард еуро көлемінде қаржыландыру қарастырылған. Сонымен қатар, екі жақты келісім «ҚазАвтожол» ұлттық операторының ақылы автожолдар технологиясын жүзеге асыру, халықаралық стандарттар негізінде басқарудың интеграцияланған жүйелерін енгізу, жол құрылысына жаңа техникалық стандарттарды әзірлеудегі әлеуетін арттыруға зор мүмкіндіктер береді деп күтілуде.
Біләл Қуаныш
Лондон
Оставить комментарий