Министрлер халықты «Нұр Отанда» қабылдайтын болды

/uploads/thumbnail/20170708202011592_small.jpg

Қараша айында Үкімет мүшелері мен Мәжілістегі «Нұр Отан» фракциясының депутаттары «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауында халықты қабылдайды. Бұл туралы «Қамшы» порталы партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сонымен, 11 қараша күні – мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің төрағасы Қ. Қожамжаров, 18 қарашада мәдениет және спорт вице-министрі М. Әзілханов, 25 қарашада Бас прокурордың орынбасары Н.Исаев, 27 қарашада ауыл шаруашылығы вице-министрі Е.Нысанбаев жұртшылықпен жүздеспек.

Сондай-ақ, партия сайтында Мәжіліс депутаттарының да халықты қабылдау кестесі жарияланған. Қабылдауға жазылу үш күн бұрын жүзеге асады.

Оставить комментарий

Связанные Статьи