«Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай,
Қыстың басы, бірі ерте, біреуі жай», - деп Абай атам айтқан қыстың басы бұл күнде жаңа жылдың басы болып кеткен. Біздің билік жаңа жылға дайындықты желтоқсанда бастасақ жай болады деп, қараша айынан бастап кетеді. Міне, жаңа жылдың дайындығы басталар қараша айы да келді. Әкімдіктер құдасы келе жатқандай дайындығын көріп жатқан болуы да мүмкін.
Өкінікшке орай, біздің қасиетіміз де қасіретіміз де болған желтоқсан айы шыршалардың жарысмен өтіп кетеді. Бағасы мен биіктігі бір-бірін артқа қалдырғысы келетін әр қаланың шыршасы өз алдына жыр. Желтоқсан айы кешегі Алаш Орданың құрылған, бүгінгі тәуелсіздіктің жарияланған, 86 жылғы боздақтардың қаны ағылған ай еді ғой. Ал, қазір оны еске алудың орнына шырша орнатып, құлатып, өртеп, қайта орына қойып әуреміз. Біздің елде бұған дейін ең биік шырша 30 метірден асып, оны безендіруге жұмсалған қаражат 38 миллион теңгеге дейін барған еді. Осынша ел қаржысына қойған шыршалардың желге құлап жығылып, өртеніп кеткенін айтпағанның өзінде, бір айдан кейін қоқысқа тасталатынын ескерсек, дағдарыс жан алқымнан алғанда жаңа жылдық шыршамен жарысу не теңіміз? Экономикалық шығындарын айтбаған күннің өзінде, біздің ұлтқа мүлде жат дүниені енгізіп, жас ұрпаққа атадан келе жатқан дәстүрдей көрсеткенде не ұтамыз?
Естеріңізде болса, Осыдан 3 жыл бұрын Оңтүстік Қазақстан облысында сол кездегі әкімі Асқар мырзамхметов мырза тәуелсіздік күніне дейін жаңа жылға дайындық көруге тиім салып, бүкіл қазақтың мерейіне бөленген еді. Мырзахметов мырзаның бұл игі бастамасын жалғастырған жалғыз әкім – Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдешов 2013 жылы Қарағанды облысында тәуелсіздік күнін атап өтпейінше жаңа жылға дайындыққа тиым салатынын айтқан еді. Бауыржан әкімнің бұйрғы тек бір жылға жарады, бір жылдан кейін тәуелсіздікті ұлықтамақ тұрмақ, өз басы істі болып шыға келді. Ал, қазір оңтүстікте 3 жылдан бері тәуелсіздік күнінен бұрын жаңа жылдың дайындығын жасамаған әкім «Нұр Отан» париясы төрағасының бірінші орынбасары.
Дағдарыс етектен тартып тұрғандықтан, Елбасының өзі бүкіл қазақстандықтарға үнемшіл болуды айтқан еді. Ұлттық құндылықтарды бәрінен жоғары қоятын «Нұр Отан» төрағасының бірінші орынбасары үнемшілдікті оңтүстіктегі игі ісін одан ары кемелдендіру жолынан бастап, әкімдіктерден бастап бүкіл мемлекеттік мекемелерді жаңа жылдық шыршадан бас тартуға шақыруы керек. Шыршаның безендіретін заттарының бәрі шетелден келетіндіктен дағдарыс кезіне оныңда бағасы өсіп, сіз бен біздің қалтамызды бекерге қағатынын ескерсек, атамыз көрмеген шыршаға қош айтысатын уақытымыз келді. Бастысы шырша үшін ел бюжетінен бір тиын шығындалмауы керек. Ал, өз шыршасыз жаңа жылды өткізе алмаймын дейтіндер болса, өз қалтасынан шыршасын тұрғыза берсін.
Жоғарыда айтқандай «Нұр Отан» төрағасының бірінші орынбасары кеше бір облысқа тәуелсіздік күнін тойламайынша, жаңа жылдың дайындық жұмыстарын жасатпаған. Енді, бас парияның бүкіл Қазақстанға тәусіздік күні мен Алаш Орда күнін атап өтпейінше жаңа жылға дайындық жасатпауға шамасы жетеді деген сенімдеміз. Бұл ғана емес, шыршамен қош айттырса Мырзамхметов мырзаның аты ел тарихында алтын әріппен жазылары анық.
Тұрдыбек Құрметхан
Оставить комментарий