Бүгін УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында Елорда төрінде «Астана» мен «Атлетико» кездеседі. Бұл туралы «Қамшы» порталы Baq.kz –ке сілтеме жасап хабарлайды.
УЕФА-ның ресми сайты екі команданың негізгі құрамдағы шығатын ойыншыларына болжам жасап көрді. Мәселен «Астана» футбол клубынан Эрич; Илич, Аничич, Постников, Шомко; Максимович, Каньяс, Жуков, Кетевоама; Жолшиев; Нөсербаев шығуы мүмкін. Ал азулы "Атлетикодан» Облак; Гамес, Савич, Годин, Сикейра; Ньигес, Габи, Коке, Карраско; Гризманн, Торрес сынды аяқдопшылар алаңға шығуы мүмкін
Айта кетейік, қазіргі кезде «Атлетикода» алты ұпай бар. Ал «Астана» 1 ұпаймен С тобында соңғы орында келе жатыр. Естеріңізге сала кетейік аталған ойынды «Таң» телеарнасы тікелей эфирден көрсетеді. Матч Астана уақытымен 21:00-де басталады.
Оставить комментарий