«Алтел» мен «Теле 2» бірікті

/uploads/thumbnail/20170708202116577_small.jpg

Еліміздегі екі ірі ұялы байланыс операторлары бірігетін болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы хабарлайды.

«Қазақтелеком» АҚ-ы мен Tele 2 тобы өздерінің еншілес ұялы операторлары «Алтел» АҚ-ы мен «Мобайл Телеком-сервис» ЖШС-ны біріктіру туралы келісімге қол жеткізді. Біріккен оператор болашақта екі компанияның да нарықтағы позициясын нығайтып, клиенттеріне жаңа мүмкіндіктер ашпақшы.

Келісім «Қазақтелеком» АҚ-ы мен Tele 2 біріккен оператордың акионерлік капиталының сәйкесінше 51 және 49 пайызына иелік етуімен аяқталды. Қос тарап та бұл бірігудің пайдалы тұстары көп екенін айтуда. Тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткен сәттен бастап бірігу туралы келісім күшіне енеді.

 

Связанные Статьи