Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 37 шара

/uploads/thumbnail/20170708204014530_small.jpg

Елбасының Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында атап көрсетілген ұлттық мерекелердің бірі – Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі 37 тармақтан тұратын өңірлік іс-шаралар жоспары жасалды.
Облыс аумағында облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі – терме» жыршы-термешілер байқауы, Бикен Римова атындағы драма театрының ұжымы Абылай ханның өмірін бейнелейтін Қ.Бекхожин­ның «Ұлан асу» тарихи қойылымы, Т.Әліпбайдың «Томирис» тарихи-драмасын көрсетті. Талдық­орған қаласындағы «Жастар» спорт сарайында Қазақстан халқы ассамблея­сының 20 жылдығы­ның бастау алу күніне орай, негізгі тақырыптың бірі ретінде Қазақ хандығы­ның 550 жылдығы қамтылып, көрнекті жерлер мере­кенің арнайы бекітілген логотипімен безен­ді­рілді. Облыстық Бикен Римова атындағы драма театрының артистері, Жетісу Мемлекеттік университеті мен колледждер студенттері, Қа­зақ­стан халқы ас­сам­блеясы мүшелері, қала тұр­ғындарынан құрал­ған 2000 адамның қаты­суы­мен «Қазақ хандығының тарихы», «Жеті жарғы» тарихи қойылымдары көрсетілді. Бәсі биік ортақ мере­кеге облыс өнерпаздарымен қатар Қазақ­стан­ның Еңбек сіңірген артисі Лаки Кесоглу, «Жігіттер» тобы қатысып, жоғары деңгейде ұйымдас­ты­рылды.
І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өткен Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құ­жаттама басқармасы мен Облыстық әскери комиссариаттың ұйымдастыруымен Ұлы Жеңіс­тің 70 жылдығына арналған «70 жұлдызды күн» акциясының бастау алу шарасына қатысқан ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, әске­ри бөлімдер сарбаздары мен қала жастарына Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бейнебаянда ерлік пен елдіктің тарихынан сыр шертіліп, тақырыптық әндер орындалды.
Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында Облыс әкімінің қатысуымен «Жастар» саябағына көк шырша, Тянь-Шань шыршасы, қарағай­лар­дың 200 түптен астам жас көшеттері отырғы­зылды. Қарасай ауданында зиялы қауым өкілдері мен жастардың қатысуымен «Біздің тарихымыз бірігу тарихы» тақырыбында ғылыми конферен­ция­сы ұйымдастырылса, Талдықорған қаласын­да «Мәңгілік Ел», Панфилов ауданында «Қазақ елі» ақындар айтысы жоғары деңгейде өткізілді.
Астана қаласындағы Өнер академиясының Жамбыл залында Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған Халықаралық Түркі академиясы, Алматы облысының әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы, ҚР Мәдениет министрлігінің бірлесіп ұйымдастыруымен «Алатаудың ақиығы» атты халықаралық рухани-танымдық конфе­ренция өткізілді. 
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Астана қаласындағы «Барыс» сарайында Елба­сының «Тарих толқынында» атты кітабының желі­сімен өткен гала-концертте Сүйінбай Арон­ұлының 200 жылдығы кеңінен қамтылды. 
Жамбыл аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан жыл басынан С.Арон­ұлының 200 жылдығына орай «Ақиық ақын» атты іс-шаралар жоспары бекітіліп, тиісті меке­мелерге таратылды. Жоспарға сәйкес, аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Айтыстың – алтын діңгегі» атты оқушылар арасында ақын­ның өмірі мен шығармашылығына негізделген кездесулер мен тәрбие сағаттары өткізілді. «Жыр сүлейі Сүйінбай» атты оқушылар арасында таным­дық кеш, «Алдаспан жырдың алыбы» та­қы­рыбында шығармалар байқауы ұйымдасты­рылды. «Жамбыл ауданы – ақындар мен батыр­лар елі» тақырыбында ақпараттық-насихат топтарымен бірлескен шаралар өткізілді. Алматы қаласындағы Жазушылар одағында және Сүйін­бай атындағы гимназия мектебінде әдеби-та­ным­дық конференция өткізілді. Конферен­цияға Сүйінбай мұражайының көшпелі көрмесі қойылып, ауданның ақын-жазушылары мен делегация мүшелері қатысты. Конференция соңы аудандық «Сүйінбай сазы» халықтық, фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерттік бағдарламасымен жалғасты. 
Талдықорған қаласындағы Көркемөнер галереясында «Қазақ хандығының шежіресі» атты облыстық кәсіпқой суретшілер мен қолөнер шеберлерінің туындыларынан жинақталған көрме өткізілді. Елдік пен ерлікті паш еткен көрмеге 20 суретшінің 40-тан астам шығармалары көрермендер назарына ұсынылып, кәсіби ма­ман­дардан құралған әділқазылар алқасы жеңім­паздарды анықтады. Бірінші орынды «Керей мен Жәнібек» туындысының авторы, талантты жас суретші С.Сәрсенбаева, екінші орынды «Қадырғали Жалайыр» портреті үшін танымал суретші А.Бейсенбетов иеленсе, қазылар құра­мының шешімімен жүлделі үшінші орын қыл­қалам шеберлері Д.Өтелбаева мен Б.Ахметов­терге бөлініп берілді. 
Жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастыры­латын аудан, қалалардың мәдениет күндерінде «Қазақ хандығы – Мәңгілік елдің бастауы» тақырыбында театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Биыл аудан-қала мәдениет күндері Алматы және Талдықорған аумағы бойынша екі бағытта атқарылды.
Жамбыл облысындағы арнайы белгіленген жерлерге жетісулықтар атынан фольклорлық-этно­графиялық ансамбльдер мен кәсіби өнер ұжымдарының концерттік бағдарламалары, қол­өнер шеберлерінің көрмелері ұйымдасты­рылды. 

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Связанные Статьи