Еліміздің батыс өңірінде салафизмді жақтаушылар екі есеге азайып кеткен

/uploads/thumbnail/20170708204516050_small.JPG

Еліміздің батыс өңірінде, атап айтқанда Ақтөбе обылысында салафизм идеясын ұстанушылар саны кеміген. Бұл туралы «Қамшы» порталы Tengrinews.kz – ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Ақтөбедегі экстремизммен күрес жөнінде айтып берді.

"Бізде төрт ауданда экстремизммен байланысты мәселелер бар. Біз Темір ауданынан аймақтық терроризммен және экстремизммен күрес орталығын аштық. Ол жерде ҰҚҚ, прокуратура және басқа да ресми органдардың қызметкерлері жұмыс істейді. Олар жергілікті билікпен бірге осы мәселелермен айналысады", - деді Б. Сапарбаев.

Облыс әкімі түсіндіру және насихаттау жұмыстарының жалғасатынын атап айтты. "Келесі - үкіметтік емес ұйымдарды қолдау. Бізде осы мәселелермен тұрақты түрде айналысып, халықпен кездесетін, проблемаларға сәйкес жұмыс істейтін осындай бірнеше ұйым бар. Нәтижесінде соңғы екі жылда салафизм жақтастарының саны шамамен екі есеге қысқарды. Біз бұл жұмыстарды жалғастырамыз", - деген Сапарбаев мырза.

Еске сала кетейік, орталық коммуникациялар қызметінде халықаралық терроризм мәселелері талқыланды. ҚСЗИ директоры Ерлан Қарин әлемде жылына 13 мыңнан аса террорлық шабуыл жасалатынын айтты.


 

Связанные Статьи