Қанат Исламұлы мен Ардақ Назаровқа арнау
Асаудың жалында,
Ақпады дауылда,
Арындап өскен,
Алтайдың тауында.
Намысын арға жаныған,
Иманды ерте таныған.
Бабадан қонып батырлық,
Киесі толық дарыған.
Ананың ақ сүтін,
Ақ арымен ақтаған.
Батыр туған Бабаның,
Қайратын бойына сақтаған.
Жүдырығы қүрыштай,
Білектері қылыштай.
Қарсыласына сілтесе,
Береннен шыққан мырыштай.
Қайырмасы:
Арбасса жүрегі бар,
Алысса білегі бар.
"Елім"деп еміренген,
Иманды тілегі бар.
Қазағым бақытты,
Ислам Қанатаи,
Назаров Аардақтаи,
Қара нар қас Батыр,
Көкжал ұлдары бар.
Алтай-Алатау асуындай,
Ертіс-Еміл тасуындай.
Қос көкжал жеңіс алып келе жатыр,
Қазақтың бірге туған баласыдай.
Алтайдан ұшқан ақ сүңқар,
Алтынан болсын діңгегің.
Кұмістен болсын ілгегің,
Көк Туды биік көтеріп,
Жеңістің алдын бермегін.
Алатаудан ұшқан қыраным,
Алтындай жанған шырағым.
Әлемнен алып үш дүркін,
"Чемпион"деген атақты,
Татырдың жеңіс бұлағын.
Шулаттың ғалам құлағын,
Қазақ сондай разы,
Жар болсын саған бір Алла.
Батырдан қалған ізісің,
Шешендердің сөзісің.
Қабанбай мен Райымбектің,
Бүгінгі тірі көзісің.
Ұстаса көк шойынды үгеді,
Жұдырықты ақ жауындай төгеді.
Қайратына қарсыласы шыдамай,
Қара нардай алдына кеп шөгеді.
Қанат-дүлдүл, Түлпардай,
Ардақ-қыран,Сүңқардай.
Алдына келген дәулерді,
Қүлатар үрып бүлтарытпай.
Ардан туған, арман қуған азамат,
Көрсең жарыста тіпті ғаламат.
Тіл мен көзден қалас болсын қос батыр.
Қазағымның маңдаиына біткен қас батыр.
Елім үшін, Отан үшін,
Болсын мәңгі саламат,
Бабадан қалған өсиет,
Орындалсын Аманат.
Ардағым мен Қанатқа,
Болмасын еш жаманат.
Болат Бопайұлы