Шөкеев ұлттық компания менеджерлерінің табысын талқылау әдепсіздік деп атады

/uploads/thumbnail/20170708204523363_small.jpg

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев ұлттық компаниялардағы бонустар жағдайы туралы айтып берді. Бұл туралы "Қамшы" порталы   today.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

 Ол топ-менеджерлердің бонустарын сөз ету әдепсіз деп есептейді. Оның айтуынша "Самрұқ-Қазына" қорында бұлай етпейді.

"Адамды қысқа уақыттық жұмысқа ауыстырып, ал топ-менеджерлер бонус түрінде сыйақы алатыны қалыпты. Уақытқа қарау керек. Контексттен бір нәрсені жұлып алып, сенсация қылады – мен мұнымен келіспеймін. Әңгіме менеджердің 2013-2014 жылдары алған бонустары жайында. Олар ол кезде сол графикпен жұмыс істеді", - деді Өмірзақ Шөкеев ҚР Мәжіліс Парламентіндегі пленарлық отырыс барысында.

Оның айтуынша, 2013 пен 2014 жыл ҚТЖ мен "Самұрық-Қазына" үшін жақсы жылдар болған. "Пайда болды, сайттан ҚТЖ-ның қандай пайда түсіргенін көруге болады. Жалпы компанияның сыйақы төлеу жүйесі 2006 немесе 2007 жылы құрылған. Бонустар компанияның пайдасына байланысты, бірақ олар үш айлықтан жоғары болмайды. Сондықтан, 15 адамның боусын алып, үлкен сандар шығару – бұл дұрыс емес. 15 адамға бөлу керек, бұл сондай көп емес", - деді компания басшысы.

Оның пікірінше, менеджерлердің бонусын жалпы халық алдында жариялауға болмайды. Бұл инвестициялық климатқа тікелей әсер етеді.

Сондай-ақ ол осы жылы жағдайдың ауырлығы мен пайданың болмайтынына байланысты ешкім бонус алмайтынын атап өтті.

Естеріңізге салсақ, 15 қарашада әлеуметтік желіліер мен БАҚ-та ҚТЖ-ның жұмысшылары компанияның шенді қызметкерлері миллиондаған бонустар алатындығына наразылық білдірген аты-жөні көрсетілмеген хат тараған болатын. Кейін "Қазақстан темір жолы" компаниясының қызметкерлері миллиондаған бонустар туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Связанные Статьи