Қайрат Нұртас қайда жүр десек...

/uploads/thumbnail/20170708151301176_small.jpg

«Белгілі әнші Мақпал Исабекова өткен демалыста 30 жасқа толған туған күнін тойлады. Тойға шақырылғандардың қатарында танымал әнші Қайрат Нұртас та болды. Исабекова онымен бірнеше би биледі» деп хабарлайды Total.kz тілшісі.

21 ақпан күні әншіні құттықтауға достары мен әріптестері – әншілерден Әли Оқапов, Айқын, Лидо, Дильназ Ахмадиева және «Орда» тобының бишісі Ерболат Беделхан келді. Исабекова туған күнін қалай тойлағаны туралы барлық есепті Instagram желісіне салыпты. Бейнеүзіктердің бірінде әнші қыз Қайрат Нұртаспен «шашып» билеп жүр, ал әнші жігіт туған күн иесіне арнап Стас Михайловтың «Арманымды күл-талқан еттің» – «Ты разрушила мечты» әнін орындады. Биден соң жігіт қыздың бетінен сүйді.

Мақпал Исабекова құттықтау тілектер мен сыйлықтарды қабылдап жатқанда оның қонақтары да құр отырмады. Мысалы, Айқын мен Әли Оқапов Майкл Джексонның әйгілі билерін билесе, Дильназ Ахмадиева өзгелерді өзінің паңдығымен таңғалдырды.

"Ақжүніс.кз"

Связанные Статьи