Қамажайды түріктер арқылы қайта танығандаймыз(видео)

/uploads/thumbnail/20170708151323570_small.jpg

 

Белгілі түрік әншісі Сюмер Изгю қазақтың халық әні «Қамажайды» ерекше ықыласпен орындағаны соншалық, оның өнеріне жүздеген отандасымыз тәнті болды, деп хабарлайды «Экспресс-К» басылымы. Сюмер Изгюдің сахнадағы орындауы алдымен YouTube арқылы танылып, кейін «Қамажай» Facebook желісінде жарияланды. Аранжировкада өңделген әннің тамаша шыққаны соншалық, көптеген қазақстандықтар өздерінің халық әндерін қайта танығандай болды.

Сюмер Изгю - аты әлемге әйгілі әнші. Оның концерттері Германия, Италия, АҚШ, Бельгия және Швеция елдерінде жиі өтіп тұрады. «Өнер иесінің Қазақстандағы фанаттары әртісті елге қонаққа шақыруды талап етіп отыр», - деп атап өтті басылым.

ҚазАқпарат

Связанные Статьи