• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:54:32
Алматы
+35°

21 Қазан, 2016 NEWS

Тәуелсіз суретші Асхат Ахмедьяров Талғат Аян мен Макс Боқаев ісіне өнерімен үндеу жасады (Фото, Видео)

 Қазақстандық тәуелсіз суретші Алмас Ахмедьяров  Атырауда мамырдың 21-і  күні болған көтерілісті ұйымдастырды деп айыпталған Талғат Аян мен Макс...

 Қазақстандық тәуелсіз суретші Алмас Ахмедьяров  Атырауда мамырдың 21-і  күні болған көтерілісті ұйымдастырды деп айыпталған Талғат Аян мен Макс Боқаевқа арнап «Дұға» атты өз шығармашылығын арнады,- деп хабарлайды Qamshy.kz. Суретші Талғат пен Макстың бейнелерін өздері қорғап, көтеріліске шыққан  жер ананың бетінде бейнелеген.  Видео астында  автор былай деген:  

«Классикалық көрсетілімдегі дұға - адамның кей әрекеттерге басқаша әсер ете алмау шарасыздығынан туындаған  жоғарғы немесе басқа да бір күштерге арналған үндеуі.  Азаматтық белсенділер Макс Боқаев пен Талғат Аянды жер мәселесінде  әділетсіз қудалау проблемасы  менің уайымымның бір бөлігі болып кетті.  Арт-зерттеу арқылы, квадрокоптерді қолданып  өз үндеуіме жаратушының ракурсынан қарап көруге шешім қабылдадым.

Ар-ұят  тұтқындарының портреті аспанға қаратылған.  Және заманауи технология көрермен мен дұғаны байланыстырып отырады. Жердің бетінде бейнеленген қаһармандардың суреті бәрімізге қатысты  проблемамен концептуалды байланыста».

Макс Боқаев

       Талғат Аян

 

   

   
 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір