• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 21:01:38
Алматы
+35°

30 Мамыр, 2019 Саясат

Президенттікке кандидаттардың теледебаты аяқталды (қысқаша шолу)

Партия мүшелері кезек-кезек бағдарламаларымен таныстырып болған соң, бір-біріне сұрақ қоюға мүмкіндік алды.

Бүгін, кешкі сағат 18:00 де Хабар арнасы Президенттікке кандидаттардың теледебатын тікелей эфирге ұсынды. Теледебатта Амангелді Тасбихов,  Дания Еспанованың орынына Азат Перуашев, Әміржан Қосанов, Жамбыл Ахметбек, Сәдібек Түгел, Төлеутай Рахымбековтың атынан "Ауыл" партиясының басшысы Әли Бектаев, Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына Мәулен Әшімбаев болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

1-ші раундта кандидаттар өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстыруға 1 минут 30 секунд қана берілді. Партия мүшелері кезек-кезек бағдарламаларымен таныстырып болған соң, бір-біріне сұрақ қоюға мүмкіндік алды.

Сұрақ қоюдың ережесі: сұрақ қоюшыға берілетін уақыт 20 секунд, жауап берушіге берілетін уақыт 90 секунд. Бір партия мүшесіне бас-аяғы екі сұрақ қойылады.

Ең алғашқы екі сұрақ «Нұр Отан» партиясына қойылды. Бірінші айналымдағы сауалды бастаған Амангелді Тасбихов. Қажетті жауаптар ала-алған партия мүшелері басын изеп разылығын білдіріп тұрды. Мәулен Әшімбаевқа екінші сұрақты қойып үлгерген Азат Перуашев. Әміржан Қосановтан кімге сұрақ қоятынын сұраған кезде:

- Нұр Отанға сұрақ қою шектеуі аяқталса, жанымдағы партияларға қоя берейін,- деді. Дәл осындай қарқынмен пікірталас қызу түрде өтіп жатыр.

Ең көп сұрақтар ауыл шаруашылығы төңірегінде болды. Барлық кандидаттар ауыл жағдайын елмен таныстырып, сайлаушылардың ауылдан болатынын алға тартты.

Сұрақтың екінші айналымын керісінше Мәулен Әшімбаев бастап Амангелді Тасбихов аяқтады.

2-раундты қайтадан алдыңғы айналымды соңғы аяқтаған Амангелді мырза бастады. Бұл айналымда кандидаттар жүргізушілер қойған сұрақтарға жауа беретін болады. Берілетін уақыт 90 секунд. Барлық сұраққа жауаптар алынып болып, тікелей эфир жалғасын тапты. Екінші раундты аяқтаған тағы да "Нұр Отан" партиясының басшысы Мәулен Әшімбаев.

3-раундта кандидаттар бір-біріне деген жылы лебізін білдіріп, қарсыластарына сәттілік тіледі. Жүргізушілердің қорытындылауымен аяқталған теледебаттың қызықты сәттерін толық тарқататын боламыз. Қандай мәселелер көтерілді, қандай сұрақтар қойылды, барлығымен бөлісеміз.

Оқи отырыңыз:

Сайлауалды дебатта үміткерлер ауылды жақсартамыз деп уәде етті 

"ХХІ ғасыр көшбасшысы" екен десем: Дебатқа қатысты халық не дейді

 

Дайындаған: Бек Байтас

Бек Байтас

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір