• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
06 Желтоқсан, 06:48:23
Қазақстан Украинаның сауда нарығына алаңдаулы

22 Қараша, 2019 NEWS

«Алматы-2050» даму стратегиясы қалай жасалды?

Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында «Алматы-2050» Даму стратегиясы туралы брифинг өтті. Жоба көпшіліктің талдауына биылғы жылдың 21 қарашасында ұсынылды, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты.

Алматы қаласының Стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қаиров қаланың стратегиялық дамуының жеті басымдығы енгізілген құжат жобасының қалай жасалғанын түсіндірді.

Қоғамдық сарапшылардың қатысуымен 23-31 қазан аралығында АДО алаңында өткен жұмыс сессиялары барысында қала алдында тұрған 11 шақырылым анықталды.

Стратегияны әзірлеудің жұмыс тобына әкімдіктің барлық басқармаларының, «Қала құрылысы жобасы орталығы» ЖШС, «ҒЗИ Алматыбасжоспар» ЖШС, сонымен қатар «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ қызметкерлері енді. Стратегия жобасын әзірлеуге Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасы, АҚДО, Hatch халықаралық компания мамандары, қоғамдық сарапшылар, Қоғамдық және Іскерлік кеңестер мүшелері қатысты, – деп атап өтті Алматы қаласы стратегия және бюджет басқармасының басшысы Нұртас Қаиров.

Шетсіз қала – барлық аудандарда өмір сүрудің жоғары стандарттары, орталықтандырылған және қолайлы көлігі бар мегаполис. Алматы агломерациясының ядросы ретінде қала Алматы облысының қала маңындағы аудандарымен тығыз байланыста дамитын болады. Дамудың орталықтандырылған моделі қаланың жоғарғы және төменгі, орталығы мен шетіндегі айырмашылықты болдырмауға мүмкіндік береді.

«Ақылды» қала – үздік смарт-тәжірибелерді қолданатын мегаполис. Қаланы жоспарлаудың сапасын арттыру «ақылды» қала технологиясын қолдану арқылы оңтайлы шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретін ашықтық және мәліметтерге қолжетімділігі есебінен қамтамасыз етіледі.

Тең мүмкіндіктер қаласы – түрлі мүмкіндіктері бар инклюзивті-адами орта қаласы. Толық ашықтық және атаулы әлеуметтік көмек қамтамасыз етіледі. Оны алу уақыты қысқарады. «Кедергісіз» орта құрылады – «барлығы үшін мобильділік» қағидасы бойынша мүмкіндігі шектеулі жандарға қала инфрақұрылымы толық қолжетімді болады.

Қауіпсіз қала – қылмыс және төтенше жағдай қаупінің төмен деңгейлі қаласы. Алшақ мониторинг жүйесі мен хабарлаудың озық цифрлы инфрақұрылымы жасалады. Ол қылмыстың деңгейін төмендетеді, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырады және төтенше жағдайды ескертеді.

Жоғары стандартты экология, қоршаған табиғи орта мен қала интеграциясы бар жасыл қала. Қаланың «жасыл жүйесі» құрылады. Ол қаланың экожүйесін біріктіреді мен биоалуантүрлілікті қолдайтын болады. Таулар шексіз рекреационалдық жүктемеден және құрылыстан қорғалады.

Жаһандық іскерлік орталық – экономикалық белсенді инновациялық қала, Жаңа Жібек жолы орталығындағы көлік-логистикалық хаб. Инвестицияны, технологияны және таланттарды тартатын орталық. Сапалы адами капиталдың интеллектуалды-креативті мүмкіндіктері қаланы дамытудың мүлтіксіз ресурстары болады.

Мәдени креативті қала – мода мен стандарттарды қалыптастыратын білімнің, тұрмыстың және бұқаралық мәдениеттің жоғары деңгейі бар суперзаманауи қала. Мәдени инфрақұрылымдағы айырмашылықты жою мақсатында салауатты қоғам негізінде мәдениет саласы модернизацияланады.

Бұл бағыттар қаланы дамыту болжамын қалыптастырды. Бұл жұмыс істеуге және өмір сүруге тартымды жаһандық қала, Орталық Азияның зияткерлік және мәдени астанасы.

Сапалы қала ортасын құру, адами капиталды дамыту, жоғарытиімді экономика, сонымен қатар қаланы тиімді басқару қаланы тұрақты дамытудың стратегиялық басты бағыттары болып табылады.

Стратегия жобасы қоғамдық талқылау және ұсыныстар мен пікірлерін беру үшін Almaty-2050.kz сайтында жарияланды. Сайт жұмыс істеген алғашқы тәулікте оған 6,8 мың адам қараған және 200-ден астам пікір мен ұсыныс қалдырылған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір