• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:20:11
Алматы
+35°

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы атауын өзгерту туралы бастамадан бейхабар екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол бүгін, 15 желтоқсанда өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. 

"Бүгін Алматы қаласының атауын өзгерту туралы ақпарат пайда болды. Мен бұл мәселені қарастырмағанымды айтқым келеді және әкімдіктің күн тәртібінде бұл мәселе жоқ. Қазіргі уақытта біз қала үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алға қойған кешенді міндеттерін шешу жолында жұмыс істеп жатырмыз. Жақында қабылданған "Алматы - 2050" стратегиясын, қысқа және орта мерзімді жоспарларды іске асыру бойынша жұмыстарды жүргізудеміз" - деп жазды Сағынтаев.

Бұған дейін бірқатар БАҚ-та ақын Олжас Сүлейменовтің президентпен кездескені, кездесуде "Алматы атауын "Алма-Ата" деп өзгерту бастамасын президент қолдады" деген сыңайда ақпарат тараған болатын.

Ал 15 желтоқсан күні түстен кейін президент кеңесшісі Ерлан Қарин өзінің Telegram каналында бұл бастама жайлы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ойын жеткізген. Сол жазбада Қарин Тоқаевтың "Мұндай мәселелер кабинетте ғана емес, қала тұрғындарының басым көпшілігінің ұстанымы негізінде, азаматтардың ойын біліп барып шешілуі керек" деп есептейтінін жазған.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір