• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:54:09
Алматы
+35°

Режиссер Қалдыбай Әбенов. Сурет Азаттық Радиосынан алынды

Бүгін, 9 шілде күні кешке Желтоқсан оқиғасы туралы "Алларжар" атты фильм түсірген режиссер Қалдыбай Әбенов қайтыс болды. Бұл ақпаратты марқұмның таныстары растады. 

Режиссердің өліміне не себеп болғаны әлі белгісіз. Бұған дейін Қалдыбай Әбеновтың ауыр халде ауруханда жатқаны хабарланған. 

Қалдыбай Әбенов 1951 жылы туған. Оның ең атақты фильмі – "Аллажар". Туынды 1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасына арналған. Режиссер бұл фильмді түсіруді 1989 жылы қолға алған. Алайда советтік Қазақстан үкіметі 1990 жылы кино жұмысын тоқтатып тастаған. 1991 жылы түсіру жұмыстары қайта басталып, ақыры аяқталған "Аллажар" туындысы көпшілік көрерменге біраз уақытқа дейін жеткен жоқ. Фильм кейінгі жылдары ғана интернет арқылы таралды.

Қалдыбай Әбенов Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында 2002 жылдан 2009 жылға дейін оқытушы болған. Ол 2009 жылдың желтоқсанда академия басшылығының шешімімен жұмыстан шығарылған. 

Режиссер 2013 жылы инфаркт пен инсультті қатар алған соң жүріп-тұруы қиындап, жүрегі мен жүйкесі әлсіреген. Соңғы жылдары Қалдыбай Әбеновтың денсаулығы қатты нашарлап, арбаға таңылып қалған еді. 

2017 жылы 25 желтоқсанда Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алаш Орданың құрылғанына 100 жыл толуына орай арнайы іс-шара өткізген. Сол кезде режиссер Қалдыбай Әбенов халықтың дауыс беруі нәтижесінде "Алаш ізбасары" төс белгісіне ие болған еді.

♦ Оқи отырыңыз: "Аллажардың" авторы, тағдыр тауқыметін тартқан Қалдыбай Әбеновтің бір күні

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Қалдыбай Әбенов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір