• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:54:05
Алматы
+35°

Ойыншыларға тапсырма орындатуға негізделген ойын шарты бойынша ақырғы тапсырма түрінде суицид жасау беріледі. Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс психологы мен суициологы Светлана Пошолченко бұл жолы құрастырушылар қазақтілді сегментті нысанаға алғанын айтты.

Маман кезінде "Синий кит" ойыны мен "Тихий дом", "Сова" топтарының ықпалымен суицид жасаған бірнеше балаға консультация беру үшін ауруханаға барған. Өзіне қол жұмсауға әрекеттенгендер аман болғанымен, кейбірі суицидтің агрессивті түрін жасауға тырысып, мүгедек болып қалған.

Суициолог өзіне қол салуға шақыратын топтар мен қосымшалар қазақша жасала бастағанын айтып, дабыл қақты.

– Атауы үнемі өзгеріп отырғанымен, олардың бәрі "Синий киттің" аналогы. Ол жерде нұсқаулық бойынша балалар кезең-кеңімен қандайда бір тапсырма орындауға тиіс. Соңғы тапсырма түрінде өзіне қол жұмсау жүктеледі. Сондықтан балаларыңыздың не істеп, интернетте қандай сайттарға кіріп жүргенін қатаң қадағалауға шақырамын, –  деп алаудаушылығын білдірді ақтөбелік маман.

Психолог қашықтан оқытуға байланысты балалар үнемі телефон мен компьютер алдында отыратындықтан әр ата-ана бақылауды күшейту қажет екенін атап өтті.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: синий кит

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір