• USD 427.41

  • EUR 519.47

  • RUB 5.78

  • CNY 66.38

18 Мамыр, 00:39:11
Алматы
+14°

Алматы облысы коронавирустың таралуы бойынша “қызыл” аймаққа кірді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Коронавирус инфекциясы бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Алматы облыстары "қызыл" аймақта.

Атырау облысы "қызыл" аймақтан шығып, "сары" аймаққа өтті.

Шымкент, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау және Атырау облыстары "сары" аймақта орналасқан.

Ал "жасыл" аймақта – Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облысы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір