• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 22:56:58
Алматы
+35°

АҚШ президенті Джо Байден азиаттарға қарсы шабуылдардың көбеюін шешуге бағытталған заңға қол қойды.

Пандемия басталған бір жылдан астам уақыттан бері АҚШ-та азиялық америкалықтарға жасалған зорлық-зомбылық шабуылдары күрт көбейген. 

BBC ақпаратына сәйкес, Covid-19  басталған 2020 жылдан бері  азиялықтарға қысым артқан. Басылым оған мысалдар ретінде, егде жастағы азиялық иммигрантты жерге итеріп жыққаннан кейін қайтыс болғанын, тегі филиппин америкалықтың бетін қорап кескішпен кесіп тастаған оқиғаны, қытайлық әйелді ұрып, содан кейін өртеп жіберген жантүршігерлік қылмысты және азиялықтар тұратын аумақта болған шабуылдан сегіз адам қаза тапқан оқиғаны атады.

Соңғы айларда Америкада азиялықтардың бетіне түкіру және ауызша қысым көрсетуден бастап физикалық шабуыл жағдайларына дейін мыңдаған оқиға тіркелген.

"Азиялықтарды жеккөрушілік оқиғалары кейбір қалашықтарда шамамен 1200% өскен" деп хабарлайды Жек көрушілік пен экстремизмді зерттеу орталығы.

"Лос-Анджелес округінде азиялық америкалықтарға қарсы жеккөрушілік қылмыстары 115% -ға өсті" деп хабарлайды CBS News. 

Байден өзінің президенттік қызметіндегі бірінші аптада федералды үкіметтің құрамында өшпенділік сөздердің қолданылуына тыйым салатын атқарушылық іс-шараға қол қойған.

20 мамырда АҚШ президенті  азияықтарға қарсы шабуылдардың өсуіне тосқауыл қою үшін "Covid-19-ға қатысты өшпенділік қылмысы" заңына қол қойды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: АҚШ Байден Заң

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір