Бүгін Бас прокурор болып тағайындалған Жақып Асанов кім?

/uploads/thumbnail/20170709003016592_small.jpg

Бүгін Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР Бас прокуроры ауысты, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен осыған дейні Бас прокурордың орынбасары болып келген Жақып Асанов Қазақстан Республикасының Бас прокуроры болып тағайындалды.

Жақып Асанов 1963 жылы 17 тамызда Қызылорда қаласында туған. Қазақ Мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

1986-1993 жылдары Қызылорда облысының прокуратура органдарында қызмет атқарған.

1993-1994 жылдары Бас прокуратураның басқармаларында басшылық лауазымдарда болған.

1994-1996 жылдары ҚР Президент Әкімшілігі заңдылық пен құқықтық тәртіпті және сот реформасын қамтамасыз ету бөлімінде кеңесші, меңгеруші болып қызмет атқарған.

1996 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша салық полициясы басқармасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

1997-2001 жылдары ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі – әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау басқармасы бастығының орынбасары, басқарма бастығы, мемлекеттік органдар қызметіндегі заңдылықты қадағалау департаментінің бастығы лауазымдарын атқарды.

2001 жылдың ақпанынан 2002 жылдың ақпанына дейін Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары, 2002 жылдың ақпанынан 2003 жылдың маусымына дейін Павлодар облысының прокуроры болды.

2003 жылдың маусымында Әділет вице-министрі болып тағайындалды.

2005-2006 жылдары «Атамекен» кәсіпкерлер мен жұмысберушілер жалпыұлттық одағы атқарушы директорының орынбасары, «Қазақстан коммуналдық жүйелері» АҚ-ы директорлар кеңесінің төрағасы, «Ордабасы» корпорациясы» АҚ-ы президенті, директорлар кеңесінің мүшесі болды.

2007-2012 жылдары ІҮ және Ү шақырылған Парламент Мәжілісіне «Нұр Отан» партиясының атынан депутат болып сайланды.

2012 жылғы 6 қыркүйекте Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасы Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды.

3-санатты мемлекеттік әділет кеңесшісі. Заң ғылымдарының кандидаты. «Құрмет» орденінің, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің, «Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» кеуде белгісінің иегері.

Үйленген. Үш баласы бар.

Связанные Статьи