ЭКСПО-2017 құрылыс секторындағы еңбек нарығын жандандыруда

/uploads/thumbnail/20170709003021576_small.JPG

Қалалық жерлердегі еңбек нарығы 2015 жылы кеңейгені байқалады – өткен жылы қалалық жерлердегі жалданбалы жұмысшылар саны 155 мың адамға өскен. Бұл 2011 жылдан бергі уақыттағы ең жоғарғы көрсеткіш, - деп хабарлайды Qamshy.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Еңбек нарығының өсуі Астана мен Алматы қаласында байқалады, мұнда жұмыс істейтін халық саны 113 мың адамға артқан. Бұл – республика бойынша өсімнің 73 пайызына тең.

Алматыдағы жұмыспен қамту негізінен сауда секторына тиесілі – бұл сала қала экономикасындағы жұмыспен қамту өсімінің 50 пайызын құрап отыр.

Ал, Астана қаласында еңбек нарығының кеңеюі құрылыс секторында байқалады. Бұл сала астана экономикасындағы жұмыспен қамту өсімінің 20 пайызын құрап отыр.

Астанадағы құрылыс секторы ЭКСПО-2017 жобасын жүзеге асыру арқасында өсімге ие болуда. Астаналық еңбек нарығында жұмыспен қамту нарығының күрт өсуі 2011 жылы, Астананың халықаралық көрме өтетін орын ретінде жарияланғанынан кейін басталды.

Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 жобасы жаңа нысандар құрылысында 8,8 мың жұмыс орнын ашып, Астанадағы құрылыс секторына тиесілі еңбек нарығының 30 пайызын құрап отыр.

Салыстыру үшін айтар болсақ, 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын (ИИДМБ) жүзеге асыру барысында өңдеу өнеркәсібі саласында республика бойынша 4,5 мың жаңа жұмыс орны ашылған.

ЭКСПО-2017 нысандарының құрылысына бас мердігер ретінде 254 отандық тауар өндіруші тартылып, жалпы құны 33,703 млрд теңге болатын келісім-шарттар жасалған. Оның ішінде Астана қаласы бойынша (196 кәсіпорын) – 21,6 млрд. теңге, СҚО бойынша (1 кәсіпорын) – 1,1 млрд теңге, Қарағанды облысы бойынша (20 кәсіпорын) – 8,3 млрд теңге, Павлодар облысы бойынша (4 кәсіпорын) – 0,7 млрд теңге, ОҚО бойынша (2 кәсіпорын) – 0,02 млрд теңге, ШҚО бойынша (1 кәсіпорын) – 0,1 млрд теңге, Ақмола облысы бойынша (3 кәсіпорын) – 0,2 млрд теңге, Жамбыл облысы бойынша (2 кәсіпорын) – 0,1 млрд теңгенің келісім шартына қол қойлыған.

 

Связанные Статьи