Джуниор Райт Бейбіт Шүменовке қарсылас болады

/uploads/thumbnail/20170709013151869_small.jpg

Жартылай ауыр салмақта уақытша әлем чемпионы титулын алғаш рет қорғайтын қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменовтің (16-2, 10 КО) қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Qamshy.kz  Sports.kz - ке сілтеме жасап.

Сенбі күні Лас-Вегастағы The Cosmopolitan аренасында Шүменов рингте бірінші ауыр салмақта шығып жүрген америкалық боксшы Джуниор Райтпен кездеседі.

Сондай-ақ РВС бокс шоуының аясында Ванес Мартиросян мен Эрисланди Лара және Жермалл Чарло - Остин Траут жұдырықтасады.

Естеріңізге сала кетейік, Бейбіт Шүменов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың шілде айында өткізді. Желтоқсанда ол Кшиштоф Влодарчикпен жұдырықтасуы тиіс еді, алайда жарақаты салдарынан бұл жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды.

Связанные Статьи