Мұнай бағасының тағы да құбылуы теңгеге әсер етеді (Видео)

/uploads/thumbnail/20170709013155291_small.jpg

Мың құбылған мұнай бағасы бұл жолы тағы өзгерді. Тіпті 2015 жылдың қарашасынан тіркелмеген межені көрсетті, яғни Брентттің бір баррелі 50 долларға дейін жеткен, деп хабарлайды Qamshy.kz 31 арнаға сілтеме жасап.

Батыстың  сарапшылары 2016 жылы бұл көрсеткіш 16 долларды құрайды деп болжағандары бар еді. Алайда, сценарий мүлдем басқа болып шықты. Тіпті шет елдіктердің жорамалдары қисынға келмейді дейді мамандар. Елдегі  экономистердің пайымынша шикізаттың қазіргі құны алдағы уақытта тұрақты болады.

МАҚСАТ СЕРАЛЫ, Экономист:

- 48,30 Міндетті түрде тұрақты болу керек. Оған тек бір ғана жағдай әсер етпеуі мүмкін. Ол -  доллардың төмендеуі.  СКЛЕЙКА 3 жылдың көлемінде мұнайдың бағасы орта есеппен 60 доллардың төңірегінде , не болмаса 60 доллардан асуы керек.

Бұл ретте төл  теңге күшейе түспек. Сәйкесінше, көк қағаздың теңгеге шаққандағы құны өзгереді деген сөз. Сарапшылар мұнай бағасы 50-60 доллардың төңірегінде болса, курстың қандай болатынын өзінше болжайды.

- Теңгеміздің курсы 280 мен 300 теңгенің арасына барып қалуы ғажап емес.

Мұның ұтымды тұсы көп дейді мамандар. Шет елден келетін тауарлар құны едәуір арзандамақ. Жалпы импортты тауарлар жалпақ жұртқа қолжетімді бола түседі. Бірақ Ұлттық банк теңгенің күшеюіне тосқауыл қойып, интервенциялар жүргізуі  мүмкін.

МАҚСАТ ХАЛЫҚ, Экономист:

- Негізінде интервенция еркін айналымда болмауы керек. Ал интервенция араласу, бұл дегеніміз  белгілі дәрежеде бекітілген курсқа алғашқы курсқа қайта оралу. Сценариін көрсетеді. Бір сөзбен айтқанда ақшаны желге шашу.

Мамандардың берген болжамы да, қадап айтқан мәліметі де осындай. Анығы, мұнайлы мемлекеттер қара алтын өндіруді едәуір азайтқан. Сәйкесінше шикізатқа сұраныс өсіп баға да көтерілген.  Дәл осы баға  мұнай өндіруші  мемлекеттердің қайта жұмыстарына кірсікенше сақталатыны белгілі.

 

Связанные Статьи