Жер реформасы жөніндегі комиссияның үшінші отырысында сөз алған комиссия мүшесі Мұхтар Тайжан жерді қазақстандық шаруаларға жалға беру керектігін айтты. Бірақ, оның өзін комиссия мүшелерімен талқылап, халықпен кеңесіп барып шешім қабылдау керектігін мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
"Біздің жұмыс тобымыздың отырысын өткізу нәтижесінде жалға беру мәселесіне қатысты мынадай ой білдіргім келеді. Сонымен қатар, менің жеке көзқарасым да осы оймен ұштасатындығын білдіргім келеді. Сондықтан да, біз жерді қазақстандық шаруаларға жалға беруді қолдаймыз. Бірақ, біз ең алдымен осы отырған 75 комиссия мүшелерімен талқылап, алдағы уақытта аймақтардағы жергілікті халықпен кеңесіп, талдап, таразылап барып қана шешім қабылдауымыз керек", - деді Мұхтар Тайжан.