Қасым-Жомарт Тоқаев: АҚТӨБЕДЕГІ ЛАҢКЕСТІК ӘРЕКЕТ – ШЕКТЕН ШЫҚҚАН ҚАНЫПЕЗЕРЛІК

/uploads/thumbnail/20170709021937838_small.jpg

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Ақтөбе қаласында орын алған оқиғаға байланысты осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды.

«Қасиетті Ораза қарсаңындағы Ақтөбедегі теракт – бандиттердің шектен шыққан арсыздығы мен қаныпезерлігін көрсетті. Оларды жазалаудың ең қатал шаралары қолданылады» деп жазды ол өзінің Туиттердегі аккаунтында.

Естеріңізге салсақ, кеше Ақтөбе қаласында бірнеше қарулы қылмыскер екі бірдей қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасап, артынан қаладағы әскери бөлімдердің бірінен басып кіруге әрекеттенген. Лаңкестердің қолынан 6 адам, оның үшеуі әскерилер, қаза болғаны туралы ресми ақпарат бар. Ал, лаңкестердің төртеуі оларды ұстау бойынша арнайы операция кезінде оққа ұшқан, жеті лаңкес қолға түскені хабарланды.

Связанные Статьи