Мұсылман кәпір болмас қыстағаннан,
Дін негізі қаланған бес тағаннан:
ИМАН етіп аллаға шын ниетпен
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!
Жұмаққа жетер жолды қысқа қылған,
Ішкі-сыртқы тазалық нұсқа қылған.
Күпірлікке берілмей НАМАЗ оқып
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!
Алуан түрлі нәпсінің қыспағынан,
Сұлудан, ашық-шашық пұшпағынан,
Өсек-аяң, ішіп-жем шорт тиылып
ОРАЗАҢ қабыл болсын ұстаған жан!
Үміттеніп бейіштің ұшпағынан,
Жомарт жанды өзіне ұста қылған.
Жоқ-жітікке қарасып, ЗЕКЕТ беріп
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!
Алмақ түгіл харамды баспаған жан,
Бұйрығынан алланың аспаған жан.
Армандап Мекке барып ҚАЖЫ өтеуді
Оразаң қабыл болсын ұстаған жан!!!
Нұрбақыт байрахметұлы
06.06.2016