Ақтөбеде арнайы операция барысында 4 лаңкес өлтірілді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР лаңкестікке қарсы орталығы Ақтөбе облыстық жедел штабтың күшімен іздеуде жүрген лаңкестер тобы жойылғанын хабарлады.
«Жедел іздестіру шаралары нәтижесінде лаңкестердің Некрасов көшесіндегі үйдің бір пәтеріне жасырынғаны анықталды. ҰҚК мен ІІМ бөліністері үйді қоршап, тұрғындарын қауіпсіз жерге көшірді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Алайда, күдіктілер өз еркімен берілу туралы ескертуге құлақ аспай, полицияға оқ атқан.
«Арнайы жасақ шабуылы нәтижесінде пәтердегі төрт лаңкес өлтірілді», - делінген ҰҚК хабарламасында.
Операция барысында бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ. Тек екі полиция қызметкерінің жеңіл жарақат алғаны айтылады.