Ақтөбедегі лаңкестік оқиғаға қатысы бар деген күдікті Бақыт Қуанышбаевтың анасы баласының қылмыскер екеніне сенбейді. Бірақ, шынымен осы лаңкестікке кінәлі болса, ең қатал жазаға тартуды сұрайды, - деп хабарлайды Qamshy.kz «Қазақстан» арнасына сілтеме жасап.
Бейбіт өмірдің берекесін қашырмақ болған лаңкестер дегеніне жете алмады. Ақтөбедегі қайғылы оқиға Қазақстан халқын біріктіре түсті. Кеше тұтас ел болып, қараниеттілер қолынан қаза тапқан 7 азаматты еске алып, аза тұтты.
Ал, лаңкестік әрекеттерге қатысы бар деп іздеу жарияланған алты күдіктінің бірі Бақыт Қуанышбаевтың анасы баласына зарын айтты. Гүлсім Қуанышбаева оның өз еркімен беріліп, қолымен істеген қылмысы болса, мойнымен көтеруді сұрады.