Батыс Қазақстанда 5 бейсбол таяғы, 1 арматурамен қаруланған 17 радикал ұсталды

/uploads/thumbnail/20170709023750214_small.jpg

Батыс Қазақстан облысында дәстүрлі емес діни ағымның 17 өкілі ұсталды. Олардан түрлі таяқтар мен арматура қиындылары тәркіленді, - деп хабарлайды Qamshy.kz облыстық лаңкестікпен күрес жедел штабына сілтеме жасап.

«БҚО ҰҚК департаменті облыстық ІІД-мен бірге дәстүрлі емес діни ағымдардың біріне қатысты мәліметті тексерді. Олар 1994 жылы туған атыраулық бір бауырларына белгісіз біреулер тартып алған автокөлігін қайтаруға көмектесуді ойластырған» делінген хабарламада.

Құқыққорғаушылар көлікті заңсыз тартып алу оқиғасының шынымен болғанын анықтаған. Екі тарап арасындағы қақтығысты болдырмау мақсатында 17 адам ұсталған.

«Болуы мүмкін жағымсыз жағдайдың алдын алу мақсатында аталған азаматтар анықталып (17 адам), 10 маусым күні сағат 02.00-де «Бәйтерек» базарының жанында ұсталды. Ұсталғандар сол жерде жиналып, одан әрі Асан аулына барып, онда көлікті тартып алғандармен қақтығыс жасамақ болған», - делінген жедел штаб хабарламасында.

Ұсталғандардың көлігінен полиция 5 бейсбол таяғын, бір арматура тапқан.

«Ұсталған азаматтар Орал қаласының ІІБ-ге жеткізілді. Алдын ала тергеу шаралары жүруде», - дейді штабтағылар.

Связанные Статьи