Жер реформасына наразы белсенділер Бас прокуроратураға нақты талаптарын жеткізді (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709024218592_small.jpg

Кеше мамыр айында жер реформасына наразылық танытып, артынша қуғын көрген белсенділер ҚР Бас прокурорының айрықша тапсырмалар бойынша аға көмекшісі Хабылсаят Әбішевпен кездесті, - деп хабарлайды Qamshy.kz uralskweek.kz – ке сілтеме жасап.

Орал қаласына белсенділермен жүздесу үшін Х. Әбішев пен Бас прокуратура басқармасының аға прокуроры Ержан Тұрмағамбетов Бас прокурор Жақып Асановтың тапсырмасы бойынша арнайы барыпты.

Бас прокуратура өкілдерімен кездесуде заңгер Абзал Құспан, жер реформасына наразылық танытып, қуғындалған белсенділер Лұқпан Ахмедьяров, Исатай Өтепов, Бауыржан Әліпқалиев, Асқар Шайғұмаров, блогер Нұрлан Сәдір, «Уральская неделя» басылымының бас редакторы Тамара Еслямова қалыптасып отырған жағдайға қатысты ойларын ашық жеткізді.

Белсенділер өздерінің мұндай деңгейде кездесуді күтпегендерін айтады.  

«Біз сіздерді тыңдауға келдік. Не нәрсеге наразысыздар, қандай проблемалар алаңдатады? Соны білгіміз келеді», - деген Х. Әбішев азаматтардың ойларын ортаға салуын сұраған.

Екі сағатқа созылған кездесуде белсенділер Бас прокурордың аға көмекшісі мен басқарма аға прокурорына өңірде ғана емес, жалпы елде қалыптасып отырған жағдайлар, жер реформасының қауіпті салдары, белсенділерді қудалау, елдің әлеуметтік ахуалы, әкімдіктер жанындағы қоғамдық кеңестерді жасақтаудағы кемшіліктер, түрлі тарифтердің өсуі сынды көптеген өзекті мәселелерді жайып салған.

Белсенділердің барлығы бір ауыздан Бас прокуратура өкілінен негізсіз қудалауды тоқтатуды сұрады.

«Өзгеріс болады деп ойлаймын. Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Бізге қарсылық таныту емес, диалог құру керек. Мен өзім де демократпын, адамдар өзін қор сезінбеуі керек, қайта өзіне көрсетілетін құрметті сезінуі тиіс. Президент те осыны жиі айтады», - деді Х. Әбішев ел азаматтарының өтініш-тілегін тыңдаған соң.

Оралға дейін Бас прокуратура өкілдері Атырауда да болып, өңір белсенділерімен жүздескен.

Связанные Статьи