Ұстаз, Алматы қаласы Орталық мешітінің найб имамы Ерсін Әміре өзінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында елдегі теріс ағымдарды, оның ішінде сәләфизм ағымын ұстанушыларды үнемі әшкерелеумен келеді. Кеше Е. Әміре салафиттерді мадхалит, сурурит, такфирит деп үшке бөлудің дұрыс еместігін, бұл ағымның қай-қайсысы болмасын радикалды мақсаттар көзздейтінін әшкерелеген жазба жариялады.

«Мынау сəлəфилердің мадхалиті де, суруриті де, такфириті де мойындайтын Сауд Арабия патшалығының шейх Ибн Баздан алдыңғы муфтиі, Мухаммад ибн Абдулуаһһабтың шөбересі шейх Мухаммад ибн Ибраһим Əлу əш-Шейхтің пəтуасы. Ол кісіге «Үкім шығаруда шариғатты емес, заңды басшылыққа алатын елді тастап кету (хижрат жасау) керек пе?», «Намаз оқымайтын адамдармен бір шаңырақта өмір сүруге бола ма?» - деген сұрақтар жолданған.
Ол кісі бірінші сұраққа: «Заңмен басқарылатын ел Ислам елі болып табылмайды. Ол жерді тастап кету (хижрат жасау) уəжіп», - деп жауап берсе, екінші сұраққа: «Ондай адамдармен бір шаңырақта өмір сүруге болмайды. Оларға насихат ету керек. Насихатты қабылдамаса оларды тастап кету керек», - деген жауап айтқан. Елімізден Сирия, Ирак, Ауғанстан секілді елдерге хижрат жасаған немесе ата-аналарымен бір үйде өмір сүруден яки бір дастарханда отырып ас ішуден бас тартқан сəлəфилердің осы шейхтың пəтуасын алмағандығына кім кепіл?
Елдегі «Байсалды сəлəфилерде проблема жоқ. Проблеманың барлығы Сəйд Құтыппен əсерленген тəкфирлерде. Шынайы сəлəфиліктен елімізге төнер ешқандай қауіп жоқ. Олар шыбынға да зиян келтірмейді», - деп сайрайтын экспертсымақтарға сұрақ: «Шейх Мухаммад ибн Ибраһим Əлу əш-Шейх білімді қайдан алды?», - деген ұстаз Ерсін Әміре жазбасының соңында пайдаланған дереккөздерін де көрсеткен.

Мухаммад ибн Ибраһим Əлу əш-Шейх. Фəтəуа уə рəсə-ил. - Мекке қаласы: Үкімет баспа үйі, 1399 һ.ж. VI том. Қажылық, жақсылыққа бұйырып, жамандыққа тыйым салу және жихад кітабы. 188-190 беттер. Пəтуа №1451, 1453.