Алматыда әскери білімді жетілдіру және әскери мамандарды даярлау бойынша әскери оқу жиынынан өткізу үшін әскери міндеттілерді (запастағы офицерлерді, сарбаздарды, сержанттарды) іріктеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Әскери жиынға әскери міндеттілерді шақыру Алматы қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті және оның құрылымдық бөлімшелерімен ұйымдастырылмақ.
Әскери оқуға әскери міндеттілерді шақыруды өткізу Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарымен бірге дайындық жұмыстары жүргізілуде.
Аталған жиынның негізгі мақсаты - әскери бөлімнің жауынгерлік жұмылдыру әзірлігін күшейту, дайындау, арттыру мақсатында аудандарда соғыс уақытында жиынтықтау және жұмылдыру, жасақтау кезінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарын әскери міндеттілермен қамту кезінде қажетті әскери-оқу ресурстарын қорда ұстау болып табылады. Осы әскери жиынға 200-дей адам Алматы қаласынан шақырылады. Сонымен бірге жиынның ең маңызды ерекшелігі жиынға қатысатын әскери міндеттілер жатын орынмен қамтамасыз етіліп, жұмыс жасайтын азаматтарға жалақы өтемақысы төленеді.
Жиынға шақырылған әскери міндеттілерді барлығы казармалық жағдайда болып, барлық заттық және азық-түлікпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қаражатынан жүргізіледі. Әскери оқу жиыны кезінде әскери міндеттілердің жұмыс орны мен атқаратын лауазымы сақталып, республикалық бюджет есебінен орташа айлық жалақы төленеді.
Жиын «Оңтүстік» өңірлік басшылығының бөлімдерінде және Құрлық әскерлері әскери институтының базасында медициналық саланың мамандарын,қграната лақтырушыларды, снайперлерді, мергендерді, танкистерді, пулеметшілерді, взвод командирлерді дайындау бойынша өткізіледі. Әскери жиын аяқталғаннан кейін жиында жақсы жағынан көзге түскен және әскери дағдыларды үздік меңгерген әскери қызметшілер мадақтама қағазымен марапатталып, оларға кезекті әскери атақ беру қарастырылады.
Қарлығаш Мұсабекқызы
Алматы қаласының жергілікті әскери басқару органдарының баспасөз хатшысы