Еуразия өңірін орта ғасырда ат тұяғымен дүбірлеткен, бүгінгі аю мен айдаһар болған елдерге, айбар шеккен қазақтың ата- бабасы екені айдай шындық. Кейінгі ішкі алауыздық іштен іріп, сырттан төнген шабуыл салдарынан бодандық қамытын киді. Арысын айтбағанда ХХ ғасырдан бүгінгі тауелсіз қазақстанға дейін баса билеушілерге қарсы қазақтар әр жерде, әр елде ұлыт азатығы, қазақ дербес мемелекеттілігі үшін үлкенді-кішілі сансыздаған көтерілістер жасады.
Ұлт азаттық төңкеріс тарихындағы даңықты төңкерістің бірі Қытайдағы Акбар Есбосынұлы бастаған ұлыт азаттық төңкерісі.
1944 жылы қыркүйекте партизандық ұйым құрып, Қытай Іле Нылқы ауданының Тауыластай жерінде қазағым, елім, жерім, дінім деп атқа қонып еркіндік, теңдік туын көтерген, аталмыш “үш аймақтағы” бірінші оқты атқан ұлт азаттық төңкерісі.
Осы мезгілдерде Қытай елінің билігіне таласып ҚХР Халықтық партиясы(Гоминдаң) мен ҚХР Коммунисттер пратиясы азаматтық соғыс жүргізді. Коммунисттердің көсемі Мау Акбар батырдың бастаған ұлт азаттық төңкерісін бұрмалап, жымысқы саяси таным байқатып, коммунисттердің басшылығындағы қытай жаңа демократиялық төңкерісінің бір бөлігі деп атап көрсетті. Сөйтіп оны “үш аймақ төңкерісі” деп сипаты түсініксіз атаумен атады. Біз осы мақалада осы төңкерістің алғашқы оғын атқан Акбар батыр туралы азат әңгіме айтқымыз келді.
Акбар 1910 жылы қазіргі ҚХР елінің ШУАР Іле аймағы Нылқы аудны Жағаластай ауылы Тауыластай елді мекенініде дүниеге келген. Қазақтың орта жүз Найман-Қызайдан тарйтын Абылай ханның қолбасшылырының бірі болған атақты батыр Есенгелдінің Қабанбай атты баласының Ботақар ұрпақтары. Батыр ауылы бүгінде Қытайдың Нылқы ауданы, Қарасу ауылына қарасты Жалынқол, Күзбасы жерінде сонымен бірге Акбар батырдың туған жері Тауыластай елді мекенініде іргесі сетінемей тірлік кешуде.
Акбар Есбосынұлы бастаған көтеріліс 1944 жылы қыркүйекте Тауластайда туылды. Бір жылға жетпей жергілікті қазақ ұлтынан құрам тапқан партизандық төңкерістік қосын үкімет армиясынан Нылқыны аудан қалашығын азат етті, осы соғыста Акбар батырға оқ тиіп жараланды. 1945 жылы құлжа қаласын азат етті, осы қанды соғыста Акбар батырдың інісі Сейітке оқ тиіп жараланды. Ағайынды қос батыр құлжаны алған соң жарасынан 1945 жылы қайтыс болды. Партизандық топтың басқа жетекшілері соғысты батыл жалғастырды, олар ҚХР Халықтық партиясын(Гоминдаңды) Шинжяң жерінен қуып шығып Іле, Алтай, Тарбағытайды азат етті. Осылай үш аймақ уақытша үкіметін құрды, совет одағының нұсқауымен Москвада тәрбиеленген ұйғыр зиялысы Ахметжан басқаратын бұл уақытша үкімет көтерісшілері Гомундаңмен 11 тармақты келісімге қол қойып соғысты тоқтатты. Гомундаң үкіметінің серкелері Тайуанға бас сауғалады, олардың Шинжияңдағы әскерлері соғыссыз тізе бүкті. Қытай Коммунисттері совет одағының коммунисттерімен ымыраласып үш аймақ төңкерісшілерін алдаусыратып оңай бағындырды, 1949 жылы жаңа акмият құру қарсаңында үш аймақ төңкерісшілерінің тірі басшыларын Бейжіңге жиналысқа шақырып, жол ортада үшақ апатынан қаза тапты деп барлығын мерт қылды, бұл құпиялық әліге ашылған жоқ. Ұлт азаттығы желеуін көтерген бұл төңкеріс қытайдың жымсыса саясатына сіңіп жоқ болды.
Акбардың халықты бастаған ерлігін, батырлығын жырлаған Жұмаділ Маманұлының “Акбар-Сейіт” дастаны Қазақстанда “Екі бірдей боздағым” деген атпен жарық көрді. Құрманәлі Жүнісқанның “Акбар батыр” романы жарыққа шықты.
Қытай коммунисттерінің көсемі Мау “үш аймақ төңкерісі” Қытай төңкерісінің бір бөлегі деп атағаннан кейін Акбар батырға “халық батыр” атағы берілді. Батыр ұрпақтары тиісті қамқорлыққа алынды. Бүгінде батыр ұрпақтары батырдың қабырын оңтайлы жерге көшіріп, басына өз қаражаттарымен үлкен ескерткіш орнатуына, батырды кейінгі ұрпақтың санасына сіңіруіне, кеңінен насихаттауына қазіргі қытай билігі түбегейлі қарсы.
Бүгінгі қытай тотанитарлық жүйедегі мемелекет, жалпы халық санының үш пайызын ұстайтын аз ұлттыр қытай жерінің көп бөлегін ұстап отыр, ал қытайдың ежелгі ата қонысындағы қытайлар мұның дәл керісінше, сондықтан да, аз ұлттар қоныстанған адам аз, жері кең жерлерге қытайларды қоныстандыру саясатын жүргізуде. Мұнда адамдар санасын бір жүйеге бағыттап, бір көзқараспен өмір сүргізіп, ұқсас ойлайтын ұлт жасау басты мақсат екені анық көрінді, осы идеяны жүзеге асыруда, батырға ескерткіш орнату томпақ болып тұрғаны шын. Жеке тұлғалардың тәуелсіз сана сезімі бойынша ойлауына, ерік бермейтін, тек басқаруды көзге ұстаған мемелекет аппарттары қалыптасқан. Мемелекетті таптық үстемдіктің құралы ретінде пайдаланатын Маркстік көзқарасқа өте сәйкес келеді. Елдің нақтылы жағыдайын, саяси санаға бағыттайды. Қоғам орнықтылықғын сылтау етіп халықты қатты ұстайды Шинжяңның басты хаупі ұлттық бөлшектеушілік пен дініи бүліншіліктен келеді. Ұлттық бөлшектенушілікті түбірінен жою үшін жергілікті ұлтшылдықтың тұтануына негіз болатын, сол ұлттың жаддында сақталған ұлт азаттық, теңдік қозғалысына, ұлттық дін, тіл қатарлыларды түбірнен құрту саясатын қолданып отыр. 1989 жылы Бейжіңде туылған студенттер төңкерісінен кейін демократия мәселесі көтерілді, алайда оған әлі ерте, бірақ саяси демократияны жандандыру заман талабы, онсыз даму болмайды. Қытай саяси түзілістегі бір партиядан көп партияға, жалпы хаықтық сайлам арқылы сайлау жүргізуге ойысыуды көзге ұстауда. Осы кезде аз ұлттардың тәуелсіз ойларын ортаға салыуына саяси атмосфра әзірленеді. Бұл қытай ұлты үшін мүлде тимсіз. Сондықтан да қытай билігі қысқа бірнеше он жылдан қалтырмай тілі бір, діні жоқ Жуңхуа жаңа ұлтын жасауға ат салысуда. Болашақта ұлт мәселесін тудыруға негіз болатын ұлттық парықты, ұлт азаттық санасын түбегейлі жою, адамдар санасынан ұлттық сезімді өшіріп тек Бейжіңге табынатын таза отаншылдық сезімді қалыптастыруға барын салуда.
Бүгінгі қытай билігінде отырғандар нағыз ұлтшылдар, олар Марксизмшілдер емес, алайда олар Маркстік идеяны қалқан етеді. Соныдқтан аз ұлт батырына ескерткіш ортанту бүгінгі қытай билігінің іргесіне кезі келгенде жарылатын бомба қойғанмен бірдей шаруа. Акбар батырдың дәріптелуіне қытай билігінің тағы бір руқсат бермейтін себебі, батырдың төңкеріс алауын не үшін тұтатқаны, оны қалай дамытқаны сынды мәселенің шынайы шындығы, яғыныи төңкерістің ақиқи сипаты.
Акбар батыр парасатты да айлалы, партизандық соғыс тәсілін жеттік меңгерген еді, мұнда халықты артына ерте білу себебі маңызды. Акбар1938-1939 жылдар орыс комунистік үкіметінен қару-жарақ алсада, қара халықтың сацялизімнің исі мұрнына да келмейтін, прлотрият табының санасында көлеңкесі жоқ еді, қазақтар тек, мылтығын қоқаңдатқан қара қытайларды бұл өлкеден қуып шығу, ата мекенді кәпірлерден азат ету, мұсылманды сақтауда Акбар батырдың артынан ерді. Міне төңкерістің шын сипаты осы еді. Бұны кім болсада сәл ой жіберсе сезетін шындық. Акбар батыр ұлттық төңкерістің алғашқы оғын атты, ту ұстады, жауға бас болып атой салып, жанын берді, батырдың ғұмырлық тарихы таза қазақ азаттығы үшін күрескен, елім деп еңіреген ұлыт азаттық төңкеріс тарихы. Ұлт қаһарманы Акбар рухы бүгінгі тәуелсіз қазақ елінің тәуелсіздік үшін күрескен ерлік тарихымен тамырлас. Бұл ерлік қазақ қастерлейтін, күш алатын рух. Еркіндік-теңдік, тәуелсіздік жолында жанын қиған өшпес те өлмес рух, ол нағыз қазақ рухы. Бұл рух бізді құлдық санадан арылтатын тап-таза кәусар. Акбар рухы қазақ тарихында алтын әріптермен жазылуға тиісті. Алайда бұл әңгіме тәуелсіз қазақ елінде қазірге тілге алынған жоқ. Акбар батыр туралы әңгіменің тәуелсіз жаңа беттерін ашу егемен ел азаматтарының, ұлт азаттығын түсінетін, қастерлейтін жандардың азаматтық парызы. Бұл үшін Акбар батырдың ұлт үшін жасаған ерлік істері, боямассыз харектірі, қаһармандық ғұмыры жазылуы керек, насихатталуы тиіс.
Акбар батырдың тәуелсіз қазақ еліндегі екінші өмірі басталуына сол елде тұрып жатқан бабасының батырлығын жанымен сезетін батыр ұрпақтары бастамашы болып, содан соң тәуелсіздікті жанынан артық көретін қара орман қазақ халқы ат салысса, батырдың азат елдегі, азат рухын көк тумен бірге желбіреп мәңгіге қанат қағар еді. Бүгінде батырдың әулетінен 50 дей түтін ата жұрт қазастанда тірлішілік етуде, қалған қытайдағы батыр ұрпақтары тарихи отандарына көшіп келіп Батыр бабасының рухын жырлауға хақылы!
Сейіт Есенгелді