Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның Ақпартиясы Ұлттық мәжілісте терроризмді зерттеу бастамасына қарсылық білдіріп келген, - деп хабарлайды Qamshy.kz Yarına Bakış басылымына сілтеме жасап. Тіпті, Парламенттегі Күрдтер (HDP) партиясы да лаңкестікке қарсы әрекеттерді күшейтуді сұрап 7 рет мәселе көтерген.
«Түркияда 7 ай ішінде оппозициялық партиялар Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіне террор оқиғаларың зерттелуін сұрап 22 рет бастама көтерген. Атап айтқанда, Түркияның Республикалық халық партиясы (CHP) - 13, Ұлттық қозғалыс партиясы (MHP) – 2, Демократиялық халық партия (HDP) – 7 рет ұсыныс жасаған. Осының барлығы билеуші Акпартия депуттары дауысымен кері қайтарылған» деп жазады басылым.