Биылғы жылы әлем халықтарының арасында ең ұзақ ауыз бекіту уақыты Норвегияның Тромсе қаласының тұрғындарына тиесілі болып отыр, деп хабарлайды Qamshy.kz Muslim.kz – ке сілтеме жасап.
Тромсе Қала тұрғындары ауыздарын түн ортасына таман ашып, сағат 01.20-да қайтадан ораза ұстауға кіріседі.
«Сағат 12-ге қарай кеш батады. Ал, бірер сағаттан соң таң атады. Біз үшін биылғы Рамазан айы нағыз сынақ болды. Бұл қаладағы мұсылмандар ас пен судан, нәпсі қалауларынан 22 сағат тыйылады», - дейді Тромсе қаласының Азми Арыкан есімді тұрғыны.