Гүлжан Мұқышева: «31-арнаның» Ақпараттық хабар тарату бөлімінің директоры: ЖАҚЫНДА «ИНФОРМБЮРО» ЖҮРГІЗУШІЛЕРІ ЕКІ ТІЛДЕ ҚАТАР СӨЙЛЕЙТІН БОЛАДЫ

/uploads/thumbnail/20170709032946414_small.jpg

Екі жарым жыл бойы «31-арнаның» жаңалықтарын ақпараттық хабар тарату бөлімінің директоры Гүлжан Мұқышева басқарып келеді. Белгілі журналист, бұған дейін авторлық сараптамалық бағдарлама жасаумен айналысқан тележүргізуші жаңа жұмысына ерекше құлшыныспен кірісті. Оның үстіне, жас басшының мойнына үлкен міндет жүктелді. Тапсырма Қазақстанда кеңінен танымал «Информбюро» жаңалықтар бағдарламасын толықтай жаңашаландыру болатын.

- Гүлжан, сіз келгелі бері «Информбюрода» не өзгерді? 

- Көп нәрсе. Біріншіден, бағдарламаның эфирдегі уақыты өзгеріп, кешкі сағат сегізде көрсетілетін болды. Екіншіден, дәстүрлі жаңалықтар шығарылымына жаңашылдық енгіздік. Қазақ және орыс редакциялары бір мезгілде қатар жұмыс істеп, екі тілде бір-біріне ұқсас жаңалықтар шығаратын болып, кішігірім революция жасадық.

«Информбюро» бүгінде үлкен ұжымға айналды.  Ол – қазақ және орыс тілдерінде эфирге шығатын біртұтас ақпараттық сағат. Айтпақшы, жақын арада жүргізушілеріміз екі тілді қатар алып жүреді деп жоспарлап отырмыз. Мәселен, Наталья Райм қазірдің өзінде ойын мемлекеттік тілде жеткізе алатын болған. Біз бір сағаттың ішінде айтулы жаңалықтарды болмаса, басқаларын өте сирек қайталаймыз. Соның өзінде ақпаратты әртүрлі қырынан жеткізуге тырысамыз. Біздің тәулігіне 24 сағат бойы жеделдікпен жұмыс істейтін өзге ақпарат агенттіктерінен айырмашылығымыз – жаңалықты эфирге дайындауға бір күн уақытымыз бар. Біз олармен бәселекесуге тырыспаймыз. Біздің мақсатымыз басқа. Кешке қарай көрермендің алдында шығып, күннің жаңалықтарын өзімізше қорытындылаймыз. Яғни, құбылысқа басқаша көзбен қараймыз, қайда не болғанын айтып қана қоймай, мәселені қалай шешу керек, ары қарай не болады деген сұрақтарға жауап іздейміз. Көрерменге жақындай түсу үшін ұжымның редакциялық саясатын қайта жасақтадық. Күнделікті өмірден алынған тұтынушылық жаңалықтарды көбірек беруге тырыстық. Мәселен, қазақстандықтарға жанармай, әлеуметтік өмір, заң, қаржылық сауаттылық салаларында ақпараттар жетіспейді.

- Ұжым сізді қалай қарсы алды?

- Өте жақсы. Біз бүгінде бүтін бір әулетке айналдық. Менің алдымдағы бір міндет осы болатын. Ұжымның жаңа тынысын ашып, біртұтас ақпараттық сағатты мейлінше қызықты ету үшін редакцияның басын біріктіру керек болды. Сол себепті мен жаңа ұжымымды зерттеп-зерделеп, олардың қабілетін қалай ашуға болатынын түсінуге тырыстым.

Сөйтіп, бағдарламада жеке-жеке журналистерге бекітілген тұрақты айдарлар пайда болды. «Халықтық капитал» және «Народный капитал» қаржылық хабары екі маусым бойы сәтті шықты. Айдарлардың демеушісі болғанына қарамастан, көрермендердің арасында да танымалдыққа ие болды.  Жанна Рахымжановамен және Жанар Жолтаевамен бірге материалдарымызды мейлінше ширақ, қызықты, жалпақ жұртқа қол жетімді ете отырып, банктерді ауыртпалығын бөлісуге шақырдық. Біздің ұжымда нағыз репортерлар бар.  Әріптестерімнің арасында, әсіресе, «Сөздің шыны керек» бағдарламасының авторы  әрі жүргізушісі Ирина Советжанқызын ерекше құрметтеймін. Ирина тәуліктің қай мезгілінде, қандай жағдайда болсын жұмысының бәрін тастап, басына қауіп төніп тұрғанына қарамастан қайнап жатқан оқиғаның қақ ортасына бара береді. Соған қарамастан ол – екі баланың анасы. Ирина журналистік зерттеу жанрындағы материалдарын өз бетімен ұсынуға лайықты. Қазақстандықтардың сүйікті жүргізушісі – Аида Боранбай – екі жыл бұрын «Информбюро» бағдарламасы аясында өзінің «Жұлдыздар жарқырайды» атты авторлық жобасын жалғастырды. Шоу-бзинес туралы айдарды көрермендер қатты жақсы көріп кеткені сонша, оның Youtube арнасындағы жекелеген шығарылымдарының көрсетілім саны 1 миллионнан асып кеткен. Қазірде Аида демалыста, ұлының тәрбиесімен айналысып жатыр. Бірақ әріптесі Наталья Раймнан үлгі алып, жақын арада эфирге қайта оралады деп үміттенемін. Сондай-ақ Астана қаласындағы арнамыздың шеф-редакторы Гүлбану Әниятқызының декреттік демалыстан оралғанын да асыға күтіп жүрміз. Мен астаналық корпункттің келешектегі жарқын қадамын Гүлбанумен байланыстырамын. Біздің редакцияда кез келген уақытта арқа сүйеуге болатын екі адам бар. Олар – Болат Мүрсәлім мен Ирина Евгеньева.

Біз жан-жақты болуға, барлық көрерменнің сұранысын қанағаттандыруға тырысамыз. Өйткені, біз, ең алдымен, отбасылық арнамыз. «Информбюро» да отбасылық көрсетілімге арналған бағдарлама.  Біздің арнаны ер адамдар да, әйелдер қауымы да сүйіп көреді.

Жұмыс істеген екі жыл ішінде шеберлік класын өткізу үшін бізге Ресейден Алексей Пивоваров, Антон Хреков, Дмитрий Дибров сынды мүйізі қарағайдай журналистер келді. Соның арқасында ұйымшыл ұжымға айналып, 2014 жылдың аяғына қарай ақпараттық бағлардамалар арасында көш бастадық.  

    «Информбюроның» рейтингік және үлестік көрсеткіштері шарықтап, алға шықты. 2015 жылды бағдарламаның үлесі 19%-бен қорытындыладық (TNS мәліметтері). "31-арнадағы" әріптестеріміздің айтуынша, бұл бағдарламаның ұзақ жылдық тарихындағы рекордтық көрсеткіш екен. Сол сияқты мен де 2015 жылы СТС

- Сіз ұзақ жылдар бойы еліміздің ақпараттық кеңістігінде жұмыс істеп келдіңіз. Бүгінгі таңда еліміздің ақпараттық алаңының ерекшелігі неде деп ойлайсыз?   

- Иә, біз қазір ақпараттық технолгиялар заманында өмір сүріп жатырмыз. Ақпараттар ағынын тоқтату мүмкін емес. Сәт сайын өзгерістер орын алуда. Сол себепті де бүгінгі таңда аудиторияның ақпараттық жаңалықтарды көргісі келетіні заңдылық. Ал біз олардың пікірлеріне, қаралым санына қарап, көрермендердің қандай оқиғаларды қамтығанымызды қалайтынын қадағалаймыз.  Сонымен бірге интернет-аудитория мен телеарна көрермендері екі бөлек. Олардың қызығушылықтары бір-біріне мүлде ұқсамайды. Қазақстандықтардың бір тобы кейде әлеуметтік желіде не болып жатқанын да білмейді. Мен оны авторлық жобамен жұмыс істеген уақытта түсіндім. Онда апта сайын  Қазақстан бойынша 100 шақты адамға сауалнама жүргізуге арналған «Халықтық IQ» деген айдар болған. Сол кезде халықтың жартысынан көбі сол уақытқа дейін қызметте алты жыл қатарынан отырған премьер-министрдің түрін танымаған кезде жағамды ұстағаным бар. Содан бастап, аудиторияның талғамына баға берген уақытта оңай қателесуге болатынын білдім. Қателеспеу үшін түйсігіңізге ғана жүгінесіз.  

Ал Интернетті дамытуға келетін болсақ, Informburo.kz порталындағы әріптестеріміз бұл саланы да жетік меңгерген. Қазірде біз «Информбро» бағдарламасы үшін Youtube арнасына қаражат салуға тырысып жатырмыз. Мамандардың айтуынша, бұған әл-ауқатымыз жеткілікті. Мәселен, Баян Есентаева туралы бір ғана материалды телеэфирге шыққаннан кейін бір сағаттың ішінде 100 мыңға жуық адам көреді. Бұл қазақстандықтардың басым бөлігі Интернеттен теледидар көргенді ұнатқанның өзіндегі көрсеткіш. Оларға сағат сайын, минут сайын желіден ақпарат бақылап отырудың қажеті жоқ, 31 арнаны қосып, өздері жақсы көретін телехикаялары мен жаңалықтарын көрсе жеткілікті.  

- Жаңалық шығару кезінде әріптестеріңізбен бірге қандай қиындықтармен бетпе-бет келесіздер?

- «Информбюро» десе, халықтың көз алдына адал журналистер елестейді. Бұл шынымен де солай. Сол себепті біздің шындықты айтқанымызды ұнатпайтындар тарапынан шабуылдар жасалып, тіпті кейде сотқа да беріп жатады. «Информбюроның» беделі өте жоғары. Бізбен басқалар санасады. Материалдарымыз эфирге шыққаннан кейін осындай әсер қалдыратыны маған ұнайды. Басында белгілі-бір адамдардың жеке мүддесіне кедергі келтіретін ақпарат таратқанымыз үшін бізді айыптауға, тойтарыс беруге тырысады. Ал одан кейін мәселеге жоғары жақтағылар араласып, қиындықты шешуге көмектеседі. Тіпті бір сюжет үшін оқиға орнына премьер-министрдің өзі барып, біз көтерген мәселені бірге көтерген кезі болды. Болмаса, біздің жаңалықтарымыз Парламент қабырғасында талқыға түседі. Жедел көмекке мұқтаж жандар туралы хабар жасасақ, аз уақыттың ішінде олардың өмірі түбегейлі өзгеріп, үйлі болып, басқа да жағдайлары жасалады. Мұндай оқиғалар бізді алға жетелеп, халық тарапынан қолдауды сезген сайын жұмыс істеуге деген ынтамыз арта түседі.

Біздің басты міндетіміз – өз кәсібімізді жетік меңгерген маман болу, мәселені әділ және объективті көзқараспен шешу, ең басты тұтынушымыз – көрерменіміздің мүддесін естен шығармау.  

Әріптестеріміз айтпақшы, тікелей эфирге шығу – ғарышқа бір рет ұшып қайтқанмен тең. Әсіресе, шұғыл жаңалықтар эфирге шыққан уақытта редакцияның телефондары жарылып кете жаздайды. Адамдар сол жаңалық туралы өз пікірлерімен бөлісу үшін эфир уақытында редакцияға қоңырау шалады. Әрине, қолымыздан келгенше, оларды тыңдауға тырысамыз. Бір жағынан, бізді бағалайтыны көңілімізге дем береді.

- Жалпы жұмыстан, соның ішінде «Информбюродан» қандай өмірлік тәжірибе жинақтадыңыз? 

- Мұнда алғаш келген уақытта маған бизнес-жоспар жаса деді. Бұл бір жағынан жаңа, екінші жағынан қызықты тапсырма болатын. Өйткені телевизияның қазанында басшы, менеджер ретінде қайнайсың. Өнімді жай ұсынып қана қоймай, оның мейлінше сұранысқа ие болуын, қажетті жерден табылып, қажетті материалдан тұруын қамтамасыз етесің. Және осы механизмдердің бәрі кедергісіз болуы керек. Бір жағынан, бізде күштеп жұмсау әдісі жүзеге аспайды. Біздің қызметкерлерді керек екенін сездіріп, жігерлендіріп, белсендіріп отыру керек.

Мен «31-арнада» үлкен тәжірибе жинақтадым, жай емес, кәсіби мамандар ұжымын басқару оңай емес. Әріптестерімнен, басшыларымнан көп нәрсе үйрендім. «Информбюроға» әрдайым қолдау көрсетіп , бастамаларымызды демеп отыратын бас директорымыз Бағдат Қожахметов мырзаға, оның орынбасары Евгения Гуляеваға алғыс айтамын. Мұнда жұмыс істеуге бар жағдай жасалған, әрдайым күш-қуатың тасып жүретінін сезесің. Әріптестерімізбен бірге әртүрлі тренингтерге жиі шығамыз, брейншторминг өткіземіз, бір-бірімізден үйренеміз, үнемі даму мен іздену үстіндеміз. Тәжірибе алмасу процесі үзілмейді. Өйткені біз – телеарнамыз, көрерменнің сұранысын қанағаттандырып отыруға тиіспіз. Бұл ұжымға келгелі өзімнің өзгергенімді байқадым, ақылым толысып, жұмысқа деген көзқарасым өзгерді. Мен үшін бұл маңызды. Сол үшін 31 арнаға алғысым шексіз. 

Связанные Статьи