Ғаламдық жылыну салдарынан Гренландиядағы әскери базаға қауіп төнді

/uploads/thumbnail/20170709051154154_small.jpg

"Америкалық әскерилер қоқыс пен радиоактивті қалдықтар мәңгілікке мұз астында қалады деп ойлаған, алайда планетадағы климат өзгеріп, "Сенчури" лагеріне қауіп төнді" деп жазады ""Популярная Механика".

Қырғи-қабақ соғыс кезінде жасалған баллистикалық ракеталар 37 жылдан бері Гренландиядағы қар мен мұздың астында жатыр. Лагерді тастап кетерде американ әскерилері радиоактивті қалдықтар бұл жерде мәңгілікке көміліп қалады деп түйген. Алайда планета климаты өзгеріске ұшырап,  лагердегі қалдықтар жер бетіне қалқып шығуы мүмкін.

1959 жылы Америка қарулы күштерінің инженерлік корпусы Гренландияда мұз астынан әскери база салуды бастаған. Құрылыс құпия түрде, "ғылыми зерттеулер" деген желеумен жүргізілді. Бұл нысанға америкалықтар жүздеген баллистикалық ракеталарды орналастырып, сынамақ болған. Бірақ жоба аяғына дейін жетпеген. Нысанды салу ісінің тежелуіне база төбесіндегі мұздықтардың қозғалысы себеп болса керек. 1979 жылы құрылыс тоқтап, қалдықтар қардың, мұздың астына көміледі. Құрылысшылар мен ғалымдар бұл қалдықтар 10 метр қалыңдықтағы мұз астында жата береді деп есептеген. Алайда ғаламдық жылыну салдарынан Гренландия мұзы еріп, әскери нысанның төбесі қар астынан аршылып қалуға жақын тұр.

"Geophysical Research Letters" журналында жарияланған зерттеуде келер жүз жылдықта қар астынан құрылыс қалдықтары, яғни қоқыстар, дизель отыны, "Alco PM-2A", ядролық реактордың радиоактивті қалдықтары, т.б. мұз үстіне шығатыны туралы жазылған. Гренландиядағы әскери нысанның қары мен мұзы 2090 жылы ериді деп болжануда. Климатологтар еріген қар мен мұз қауіпті заттарды ағызып әкетеді деген пікір білдіруде. Ал бәрінен қауіптісі полихлорланған бифенилдер — 1960-1970 жылдары техникада кеңінен қолданылған органикалық ластаушы заттар. Аталмыш әскери базаны тұрғызу кезінде  құрамында 5 пайыз полихлорланған бифенилі бар бояулар пайдаланыпты.

Әзірлеген Дана Қамшыбек

Связанные Статьи