Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Ринат Мұратұлы Омаров Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, - деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
«Ринат Омаров 1973 жылдың 14 ақпанында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Экономист-бухгалтер» мамандығы бойынша, 2014 жылы «Электроэнергетика» мамандығы бойынша Д. Қонаев атындағы Көлік және құқық гуманитарлық университетінің магистратурасын бітірген.
Еңбек жолын Алматы облыстық статистика басқармасының бюджеттердің статистикасы бөлімінің экономисті ретінде бастады.
Коммерциялық секторда жұмыс тәжірибесі бар.
«Алматыгороформление» ЖАҚ-ның филиалдарының директоры және вице-президенті қызметтерін атқарды. Әр жылдары Алматы қаласының әкімдігінде және Астана қаласы әкімі аппаратында еңбек еткен. Соңғы жылдары «Астана-Энергия» АҚ басқарма төрағасының орынбасары, «Азия энерегетика компаниясы - АЭК» ЖШС-нің даму жөніндегі директоры қызметтерін атқарды», - делінген хабарламада.