5-6 тамызға қараған түні толассыз жаңбырдың салдарынан Семей қаласының 5 көшесі су астында қалған. Дегенмен, қазірдің өзінде бірнеше су сорушы техника жұмылдырылып, судың деңгейі түсіп келеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Төтенше жағдайдың алдын-алу үшін жедел түрде 11 автокөлік, 2 су сору құралы мен коммуналдылық мекеме қызметкерлері жұмылдырылып, азғана уақытта 1 500 куб/м су шығарылды. Қала әкімі Ермак Салимов оқиға орнына жедел шығып, жүргізіліп жатқан жұмыстарды өз қадағалауына алған.
Әзірге көліктерге зақым келтірмеу мақсатында, бірқатар көшелері жабылды. Семей қаласының басшылығы мәлімдегендей, 6 тамыз күні сағат 15:00-ге дейін қала көшелері толықтай судан тазартылмақ.