Қапшағайда мектеп маңына көмілген нәресте табылды

/uploads/thumbnail/20170709051835191_small.jpg

Қапшағайда мектеп маңына көмілген нәресте табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көмілген жаңа туған нәрестені балалар тауып алып, ата-аналарына айтқан. Жергілікті тұрғындар полицияға хабар берген.

"Нәресте бүгін 1-ші ықшамаудандағы №2 мектеп-гимназиясының стадионында табылды. Оны көміп тастаған. Нәресте жастыққапқа ораулы болды" деген ІІД баспасөз қызметіндегілер нәрестенің ұл бала екенін айтады.

Аталмыш іс бойынша, ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сот алды өндіріс басталды. Анасының кім екенін анықтау мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

 

Связанные Статьи