Нұржан Барлыбаев: Қытайда оқитын қазақстандық студенттер бай қытайларға тәнін саудалайды

/uploads/thumbnail/20170709052113615_small.jpg

Қытайда Сиань қаласында үш жылдан бері білім алатын Нұржан Барлыбаев NewTimes.kz агенттігіне Қытайдағы қазақстандық студенттердің онда оқудан бөлек бай қытайларға тәнін саудалайтынын айтып берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

Студенттің айтуынша, эскорт-қызмет ұсынатындар арасында еліміздің бойжеткендері ғана емес, жігіттері де бар көрінеді.

«Сианьда көп көңіл көтеретін орындар бар. Арнайы бөлмелерде қызметкерлері бай қытайлықтарға бойжеткендерді ұсынады. Ересек қытайлықтардың дені еуропалық бойжеткендер мен көзі үлкен қазақ қыздарын қалайды. Қазақстандық студенттердің бірталайы дәл сол жерде жұмыс істейді», - дейді Нұржан Барлыбаев.

Оның айтуынша, бастапқыда қыздар эскорт-қызмет ұсынғанымен, кейін ақысын үстемелесе денесін де саудаға салуға әзір.

«Қытайлық ерлер бұл қыздармен уақыт өткізгенді, қыдырып, ішіп, көңіл көтергенді ұнатады. Кеш біте салысымен, клиенттер қызды қосымша ақыға өзімен бірге алып кете алады», - дейді Нұржан қазақ қызы қытайша сөйлей алатын болса, оның құны жоғарырақ болатынын айтады.

Ал қазақстандық жігіттер болса, эскорт-қызмет ұсынуды, тіпті ұят санамайды екен. Нұржанның айтуынша, жігіттер де, қыздар да мұндай әрекетке қомақты ақша үшін.

«Жұмысқа алар кезде, бойжеткеннің жасына мән бермейді, тек келбеті сұлу болса болды. Егер бойжеткен көрікті болса, бір кеште орта есеппен 70-100 мың теңге таба алады», - дейді студент.

«Мен өз жерлестеріме ренжулімін. Олар Қытайға бай көкелер мен тәтелерге қызмет ету үшін емес, оқуға келді емес пе? Олардың кейбірімен араласпайтын да болдым», - дейді ол.

Қазақстандық студент Нұржан Барлыбаев қазақстандықтарды шетелде еліміздің атына кір келтірмеуге шақырды.

Связанные Статьи