Қытайда ежелгі дәуірдегі алып адамның аяқ ізі табылды

/uploads/thumbnail/20170709060634611_small.jpg

Қытайдың оңтүстік батысындағы Гуйчжоу провинциясынан табылған алып із ғалымдарды тығырыққа тіреуде. Бұл туралы «Sina» порталы хабарлайды. Пинъянь қыстағы маңынан өтіп бара жатқан фотографтар тасқа таңбаланған үлкен ізді көреді. Іздің пішіні адамның аяғынан аумайды екен. Ғалымдар іздің неден пайда болғанын және қай дәуірге жататынын анықтау үшін зерттеу жүргізуде.

Алып адамның іздері бұған дейін де табылған болатын. Өткен ғасырдың басында оңтүстік африкалық Стоффел Коетзи деген фермер алып адамның сол аяғының ізін тапқан. Оның ұзындығы 1 метр 28 сантиметр болған. Демек алып адамның бойы 10 метрден асқан болуы керек.

Связанные Статьи